Бас жаңалықтар
Азия чемпионатында Қазақстан алтынға таласады
13 Сәуiр 2021, 15:28 376

Азия чемпионатында Қазақстан алтынға таласады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде гирек-рим күресінен финалыда бақ сынайтын спортшылар анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан командасы сапынан 63 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы мен 130 келіге дейінгі салмақтағы Әлімхан Сыздықов Азия біріншілігінің алтынына таласады.

Екі балуанның да қарсыласы – ирандықтар. Сұлтан Мейсам Далханимен күрессе, Әлімхан Алиакбар Юсувахмадкалимен белдеседі. 77 келідегі Демеу Жадыраев пен 87 келіге дейінгі салмақтағы Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін кілемге шығады.

Демеу үндістандық Сингх Гарпритпен, Нұрсұлтан өзбекстандық балуан, тәжірибелі Рустам Ассакаловпен өзара мықтыны анықтайды. Ал 55 келідегі Жансерік Сәрсенбиев жарысты бірінші айналымда аяқтады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...