Қазконтент жаңа жобаны іске қосты

1 Қараша 2019, 18:29
3749
Бөлісу:
Қазконтент жаңа жобаны іске қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазконтент" АҚ-ның жеті медиажобасы - BAQ.KZ, Baigenews.kz, Strategy2050.kz, El.kz, Assembly.kz, Adebiportal.kz және e-history.kz аудиоподкасттар бөлімін іске қосты.

Қолданушылар "ақылды радио" жанрында ақпараттық, сараптамалық, мәдени-ағартушылық және авторлық жобалармен таныса алады.

Подкаст – бұл тренд емес, аудиторияда сұранысқа ие болатындай БАҚ дамуының қажеттілігі. Подкастинг біздің басылымның қолданыс құралдарын кеңейтетін, оның жанрлық құрамын жаңартып, сайттың жаңа оқырмандары мен тыңдармандарының көбеюіне мүмкіндік береді. Подкасттар тұтынушыға, сонымен қатар подкаст авторына өзінің ыңғайлылығымен әмбебап құрал болып саналады. Подкастта ең бастысы – бұл тақырыптың өзектілігі, авторлық көзқарастың болуы және адамдардың қызықты оқиғалары, сондай-ақ бұрынғы тақырыптарға да жаңа леп береді, - деді el.kz сайтының бас редакторы Шыңғыс Майсеитов.
Подкаст жобасында материалдар дыбыстық форматта беріледі.
Интернеттің маңызының артыуна байланысты, медиасаланың да мүмкіндіктері кеңейтілуде. Адамдар барған сайын газет пен журналға, теледидар мен радиоға сирек жүгінетін болып барады. Подкасттардың кезі келіп жетті, онда материалдар дыбыстық форматта беріледі, - деді e-history.kz-ның бас редактор Алтынбек Құмырзак.
Жаһандық даму заманында уақыт өте бағалы.

ая.jpg
Цифрлық технология заманында уақытты үнемдеу деген өте маңызды. Адамдар өздерінің алтын уақытын жаңалықтарды оқып отыруға бөлгілері келмейді. Осыған байланысты, strategy2050.kz жобасы апта жаңалықтарының ең өзектілері жайында хабардар ететін аудиоподкастыны ұсынады. Осылайша, біздің оқырмандарымыз аптасына бір рет, 5 минутқа тыңдаушыға айналады, - деді strategy2050.kz-ның шығарушы редакторы Аягөз Құрмашева.

ая2.jpg

Шығармашылық ұжымның аудиоподкасттарыларына SoundCloud, TuneIn белгілі аудистримингтік сервистерінде қол жеткізуге болады.

Аудиоподкасттар "Қазконтент" АҚ-ның мультимедиялық базасында жазылады.

Подкаст парақшаларына сілтемелер:

https://baigenews.kz/podcasts/

https://baq.kz/podcasts/

https://strategy2050.kz/podcasts/

https://el.kz/podcasts/

https://e-history.kz/kz/podcasts

https://assembly.kz/podcasts/

https://adebiportal.kz/podcasts/


Өзгелердің жаңалығы