Бұдан да мықтырақ дайындықпен келемін

12 Шілде 2020, 11:29
2475
Бөлісу:
Бұдан да мықтырақ дайындықпен келемін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін түнде UFC лигасында дебюттік кездесу өткізіп, жеңіліп қалған қазақстандық Жалғас Жұмағұлов жанкүйерлеріне видеоүндеу жолдады. 

Ол жерлестеріне қолдау көрсеткеніне алғыс білдіріп, алдағы уақытта елді жеңіспен қуантамын деп уәде берді.

Жалғас Әбу-Дабиде өткен (БАӘ) UFC 251 турнирінде бразилиялық Раулиан Пайваға төрешілердің шешімімен есе жіберді.
Барлықтарыңызға ассалаумағалейкум. Маған қолдау көрсеткендеріңізге рахмет айтамын. Енді бұдан да мықты дайындықпен келемін. Бүгін осындай қиын сәтте елді қуанта алмадым. Әлі де жеңісті күндер болады, - деді Жалғас Жұмағұлов

Өзгелердің жаңалығы