Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

24 Ақпан 2020, 07:52
1167
Бөлісу:
Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 ақпан күні Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

 Қазгидрометтің мәліметінше, Көкшетау және Павлодар қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады.
 

Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы