Бас жаңалықтар
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды
10 Желтоқсан 2019, 02:39 1510

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды.


"Қазгидромет" РМК-дан хабарлағандай, 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында тұман сақталады. Атырау облысында кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Сонымен қатар Түркістан облысының кей жерінде тұман сақталады. Күндіз кей жерде оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман күтіледі. Таңертең және күндіз кей жерде көктайғақ күтіледі.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...