Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

1 Сәуір 2020, 08:49
1344
Бөлісу:
Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер еліміздегі қалалардың басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі, деп болжайды.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, сәрсенбі күні ауа сапасының нашарлауы 3 қалада – Қарағанды, Ақтөбе және Нұр-Сұлтанда болжанады. Өзге шаһарларда метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы