Бүгін республиканың 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

21 Қараша 2020, 08:45
7234
Бөлісу:
Бүгін республиканың 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 қараша, сенбі күні республиканың 6 қаласында ауа сапасының ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, сенбі күні еліміздің алты қаласында – Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Алматы, Нұр-Сұлтан және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Өзге қалаларда метеожағдай қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы