Бұл дерттің үндемей келіп, іштен шалатын айласы бар екен – Өксікбаев

2 Шілде 2020, 09:15
9872
Бөлісу:
Бұл дерттің үндемей келіп, іштен шалатын айласы бар екен – Өксікбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Омархан Өксікбаев коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қайырлы таң! Бәріңізге мына бір сын уақытта бойларыңызға қуат, дендеріңізге саулық тілеймін. Бұл дерт үндемей келіп іштен шалатын айласы бар екен. Сол айлаға бізде ұрынып инфекциялық емханадан бірақ шықтық жұбайымыз екеуміз. Енді алланың қолдауымен, дәрігерлердің көмегімен, бойымыздағы қуатымызбен бұл күресті жеңеміздеп алысудамыз, - деп жазды ол. 

Сонымен қатар, ол тәулік бойы арнайы киімдермен жүріп, қабақ шытпай науқастарды емдеп жатқан медбикелерге алғыс айтты.
Дәрігер демекші, нағыз ісіне берілген жанашыр мамандар тынымсыз жұмыс істеп жатқанын өз көзіммен көріп еңбектеріне сүйсіндім. Аңдығаным салмақтың 90 пайызы орта буын медиктерде екен. Тәулік бойы скафандрмен тең киімде жүріп, қабақ шытпай жұмыс істеу бұл нағыз ерлік. Өкініштісі, осы уақытқа дейін біздің инфекционист дәрігерлеріміз бұл дертті емдейтін нақты, тиімді, қосымша әсері жоқ тәсілмен дәріні толық анықтай алмай отырғандығы. Біз жатқан емханада вирусты емдейтін бір-ақ дәрі қалыпты "Алувиа" деген. Оның өзі толық зерттелмеген және қосымша зияны өте көп. Басқа дәрі емхананың өзінде жоқ, таусылыпты. "Тапсаң өзің әкел" дейді дәрігер. Сондықтан, жаңа келген министрге тек карантинді ойлай бермей, емшара жолында терең зерделегені дұрыс болар. Қорыта келгенде ағайын сақ болыңыздар, сау болыңыздар, - деп жазды ол. 


Өзгелердің жаңалығы