Бұйрыққа өзгеріс енгізілді: Балаларға маска тағу міндетті емес

1 Тамыз 2020, 10:39
3455
Бөлісу:
Бұйрыққа өзгеріс енгізілді: Балаларға маска тағу міндетті емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қоғамдық орындарда маска тағуды міндеттейтін бұйрыққа өзгеріс енгізді. Енді бұл ереже балалар үшін және ашық ауада жаттығу жасайтындар үшін міндетті емес.

"Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" министрдің 2020 жылғы 5 шілдедегі бұйрығына өзгерістер енгізілді.

10-тармақтың 7) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

7) қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған нысандарда, қоғамдық көлікте, бес жасқа дейінгі балаларды және сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып қоғамдық тамақтану орындарын қоспағанда медициналық немесе мата маскаларын тағу міндетті, 

9) қоғамдық орындарда ашық ауада медициналық немесе мата маскаларын тағу міндетті, бұған бес жасқа дейінгі балаларды қоспағанда әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бес адамнан аспайтын жеке, топ бойынша спортпен айналысатын адамдар кірмейді делінген жаңартылған құжатта.

Естеріңізге сала кетейік, жақында бас санитардың қаулысы шыққан еді. Онда әрбір адам, тіпті сәбиге дейін маска тағып жүруге міндеттелген еді.

Өзгелердің жаңалығы