Бақауовтың денсаулығы нашар - сот

19 Ақпан 2020, 17:06
1340
Бөлісу:
Бақауовтың денсаулығы нашар - сот

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының сотталып кеткен экс-әкімі Болат Бақауовқа қатысты бұлтартпа шарасын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Павлодар облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер экс-әкімнің денсаулығы нашарлауына байланысты осындай шешім қабылданғанын айтты.

Сот мәліметінше, Бақауов қамау уақыты кезінде өзін нашар сезінген.

Еске салайық, мұның алдында Болат Бақауовтың үй қамауына алынғаны хабарланған болатын.

17 қаңтарда соттың үкімімен Бақауов екі айға қамалған болатын. Ал оған дейін Бақауовтың лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін күдікті екені хабарланған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 қаңтарда қылмыстық іс бойынша жедел тергеу іс-шараларын өткізген еді.

Өзгелердің жаңалығы