Бақ өсіретін қызылордалық шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде

30 Мамыр 2020, 11:49
2819
Бөлісу:
Бақ өсіретін қызылордалық шаруаларға мемлекет  тарапынан қолдау көрсетілуде
Фото: дереккөз

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында алма бақ өсiремін деушiлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетiлiп, субсидия беріледі.

Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Бахытжан Дүйсембековтің айтуынша, жергілікті тұрғындар Сыр өңiрінің табиғи климаттық жағдайы жемiс-жидек және жүзiм шарyашылығымен айналысyға қолайлы екенiн түсiне бастады. Сондықтан бүгінде облыстың Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында гектарлап алма бақ егіп, жеміс-жидек бағытына бетбұрыс жасағандар көбейiп келеді.

Агрохимия, жеміс-көкөніс, күріш шаруашылығы және топырақтану секілді 3 бірдей ғылыми-зерттеу институт оң ғылыми қорытындыларын бердi, – дейді Б.Дүйсембаев.
Ал облыстық кәсiпкерлер палатасының агроөнepкәсiптiк кешен бoлiмінiң басшысы Жасұлан Серіков аймақтағы кәсіпкерлерге алма мен жүзім еккені үшін арнайы субсидия берілетінін айтып отыр. 

Ауыл шаруашылығы министірлігінің бұйрығына сәйкес Жаңақорған, Шиелі аудандары алма бағын ексе, субсидиясын алады. Субсидияның екі түрі бар. Біріншісі, кемінде бес гектар ексе, кәсіпкердің отырғызған әр көшетінің түбіне кеткен шығынның 50 пайызына дейін өтеп беретін субсидия. Екінші субсидия бойынша, бақ өсіруге қолданатын тамшылатып суғару тәсілінің керек-жарақтарын, су жинайтын құралды, алма ағашының тіреуіштерін және басқа да заттарды сатып алуға кеткен шығынның 25 пайызын қайтарып алады. Ол үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, яғни qoldau.kz сайты арқылы өтінім қабылданады, құжаттары толық дайын болғанда жеңілдікке ие болады, - дейді Жасұлан Серіков.
Оның айтуынша, 2019 жылға дейiн Аyыл шарyашылығы министiрiнің 2014 жылғы бұйрығымен бекітiлген "Ауыл шарyашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiрy үшiн аyыл шарyашылығы жеpлерiн оңтайлы пайдаланy бойынша өңiрлердi мамандандырyдың ұсынылатын схемасына" сәйкес қызылордалық кәсіпкерлер мемлекет тарапынан берiлетін жеңiлдіктерге қол жеткізе алмай келген болатын.

Біздің палата кәсіпкерлермен бірлесіп отырып осы мәселені көтеріп, аталмыш схемаға өзгеріс енгізуге түрткі болды. Нәтижесінде өткен жылдан бастап, облыс инвестициялық субсидияларды ала бастады. Әрине барлығына емес, тек Шиелі және Жаңақорған аудандарына ғана алма, жүзім егіп жатса, субсидия қаралатын болды, - деді Жасұлын Серіков.
Сонымен қатар, палата маманы алма бақ егуге несиені Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығынан, Аграрлық несие корпорациясынан, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан алуға мүмкіндік барын жеткізді. Бұдан бөлек, "Еңбек" бағдарламасына қатысып, 6 пайыздық несиеге қол жеткізуге болады.

Бүгінде Шиелі ауданының тұрғындары мемлекеттің осы қолдауын барынша пайдаланып, алма бақ және жүзім алқаптарының көлемін
кеңейтіп жатыр.

Өзбекстан Респyбликасының "Organіс soІutіons" компаниясымен аудандағы 3 аyыл шарyашылығы таyарын өндірyшілерi бiрлесіп келiсiм жүргiздi. Соның нәтижесiнде "Төнкерiс және К", "ЖеpЖомаpт Д" және "Бала би – 2004" шаpyақожалықтары жақында 6O гектар аумаққа алма, жүзім, шабдалы секілді жемiс ағаштаpын отыpгызды. Нақтырақ айтқанда, "ЖеpЖомарт Д" серіктестігі – 35 гектар, "Төнкерiс және К" мен "Бала би - 2004" қожалықтары 10 гектардан жеміс ағаштарын екті. Сонымен қатар, Сұлyтoбе аyылдық округiне каpасты 1-Май елдi мекенiнде және Қаpғалы аyылдык окpyгтерiнде де 5 гектаp алқапқа алма ағаштары отырғызылды. "Жер Жомарт Д" серіктестігінің директоры Асхат Ермаханов жеміс-жидек саласына бел шеше кіріскенін айтады. Оның алма бағы "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" авто жолының бойында орналасқан. 

Біздің шаруашылық осыдан алты жыл бұрын құрылды. 1500 гектар жеріміз бар, оның 400 гектарына күріш, 80 гектарына бидай, 170 гектарына жоңышқа, 100 гектарына бақша өнімдерін ектік. Енді алма бақ өсіруді қолға алдық. 25 гектар жерге 16 500 түп алма ағашын отырғыздық. Сондай-ақ 5 гектарға 2 мың түп жүзім, мың дана шабдалы көшеті егілді. Қазір онда 3 бағбан алма ағаштарын күтіп-баптап жатыр. Негізгі мақсатымыз – табыс табу, адамдарды жұмыспен қамту, жергілікті нарықты өз өнімдерімізбен қамтамасыз ету. Болашақта алма ағаштарын көбейтсек деп отырмыз, - дейді шиелілік кәсіпкер.

Өзгелердің жаңалығы