БАӘ-ден ұшып келген қазақстандықтан вирус анықталған

24 Қараша 2020, 21:00
1201
Бөлісу:
БАӘ-ден ұшып келген қазақстандықтан вирус анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 23 қарашада Қазақстанға Түркия, Беларусь, БАӘ, Ресей мен Германиядан 10 ұшақ ұшып келді, деп хабарлайды Ведомствоаралық комиссияның telegram каналы.

Аталған халықаралық рейстермен Қазақстанға 940 жолаушы ұшып келген. Олардың ішінде 853-де ПТР-тест анықтамасы болған. Анықтамасы болмаған 86 жолаушы карантиндік стационарға жатқызылған. Атап айтқанда ПТР-тест анықтамасы жоқ Нұр-Сұлтанға 41, Алматыаға 27, Ақтауға 20 жолаушы жеткен. 

Осы 86 азаматтың бәрінен коронавирус табылған жоқ. Алайда Бірікке Араб Әмірліктерінен келген бір жолаушының ол елден тестің оң нәтижесімен келгені анықталды. Нақтырақ айтқанда тестілеудің қорытындысы оған сапар барысында электронды пошта арқылы жеткен. Жолаушы бірден оқшауландырылып, әуежайға жедел жәрдем жетті, - делінген департаменттің хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы