Бала көп болса, ақша да көп. Аружан Саин жетімдер үйінің жүйесін сынады

15 Шілде 2020, 12:27
3050
Бөлісу:
Бала көп болса, ақша да көп. Аружан Саин жетімдер үйінің жүйесін сынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин "Antikor Live" жобасы аясындағы онлайн брифингте айтты.

Біздің елде әлі де ата-анасыз қалған балаларды тәрбиелейтін мекемелердің болуы  өте өкінішті. Себебі, тарихында жетімдер үйі болмаған Қазақстан үшін бұл өте үлкен сын. 2006 жылдан бастап "Жетімдерсіз Қазақстан" қоры Қазақстандағы жетімдер үйін жою үшін жұмыс істеп жатыр. Мен бұл жайында көп айтып, жаздым. Әрбір бала отбасында тәрбиелене алады. Жетімдер үйінде тәрбиеленген балалардың тағдырының әрқилы болуына көп себеп бар. Жылына 2-3 мың бала әр түрлі себеппен жетімдер үйіне түседі, - деді ол. 
Саин адамдар балаларды асыра алмайтындықтан балалар үйіне тапсыратынын айтты. 
Жетімдер үйіндегі балалардың азаюына "Аналар үйі" үлес қосты. Ол орталық әйелдерге балаларын жетімдер үйіне тапсырмай, оларға тұратын жер ұсынып, білім алып, жұмысқа тұруына септігін тигізді. Біз заңнаманы өзгерттік. Қазақстанда бала асырап алғысы келетін мыңдаған азамат бар. Алайда оларға балаларды асырап алу үшін бірқатар кедергі бар. Маған асырап алатындардан қажетсіз құжаттарды сұрау, балаларды асырауға себепсіз бермеу туралы шағымдар келіп түседі. Балалар мекемесінің жүйесі мемлекеттік ақшаға күн көреді. Бір бала үшін оларға айына 200 мың теңгеден астам ақша төленеді. Бала көп болса, ақша да көп болады. Бала аз болса, ақша да аз. Бұл монолитті жүйені бұзу өте қиын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы