Балалар арасында "Абай оқулары" өтті

1 Маусым 2020, 19:43
2063
Бөлісу:
Балалар арасында "Абай оқулары" өтті

Алматы, BAQ.KZ. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты әскери қызметшілерінің балалары арасында "Абай оқулары" атты мәнерлеп оқу жыр сайысы өтті.

Шараның басты мақсаты – Ұлы ақын мұрасын кеңінен насихаттау және өскелең ұрпақтың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. 

Ел Президенті Қ.Тоқаев Абайдың 175 жылдығын мәнді және жоғары деңгейде өткізуді талап етті. Карантинге байланысты сайысты қашықтан өткізуге тура келді. Қатысушылар өз номерін видеоға түсіріп, біздің электронды поштамызға жолдады, - дейді РЭжБӘИИ әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің өкілі Ақбота Мұстабекова.

Сайыста 30-дан астам бала өнер көрсетті, олар Абай шығармаларын мәнерлеп жатқа оқуда өзара бақ сынасты. Қатысушылардың өнерін қазылар алқасы бағалады. Басты назар қатысушының жырды мәнерлеп оқуына, әртістік қабілетіне және ерекшелігіне баса мән берілді. Жас ерекшеліктеріне байланысты қатысушылар 3 топқа бөлініп, үздіктері іріктелді. 

3-7 жас аралығында І орын – Даниел Көптілеу; ІІ орын – Айсулу Әріпжан; ІІІ орын –Диас Жанғалиев.

8-10 жас аралығында І орын – Нұрасыл Нұржан; ІІ орын – Нұрай Берікбаева; ІІІ орын – Айлун Ғалымжанқызы. 

11-14 жас аралығында  І орын – Ибраһим Аюпұлы; ІІ орын – Айгүлім Бейбіт; ІІІ орын – Даниеля Тыныштықбаева.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағы мен әскери институт басшылығы атынан мадақтама қағазымен марапатталды. Сайысқа қатысып, өнер көрсеткендегі ынта-жігері үшін барлық қатысушыға алғыс хат табысталды.

Өзгелердің жаңалығы