BAQ.KZ ақпарат агенттігінің орны ерекше – Күрішбаев

25 Қараша 2020, 09:35
1883
Бөлісу:
BAQ.KZ ақпарат агенттігінің орны ерекше – Күрішбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев BAQ.KZ ақпарат агенттігінің барша ұжымын 10 жылдықтарымен құттықтады.

Бүгін құрылғанына 10 жыл толып отырған BAQ.KZ ақпарат агенттігінің барша ұжымын осынау мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Қашан да ақпарат айдынында биіктерді бағындырып келесіздер. Елімізде болып жатқан кез келген оқиғаны қалт жібермей ең бірінші болып халыққа ұсынатын да сіздер. Мен үшін BAQ.KZ ақпарат агенттігінің орыны ерекше. Жұрт сіздер арқылы таралған ақпарға, қуанышты жаңалыққа сенеді және сол сенімнің үнемі үдерісінен шығып келесіздер. Алда әлі де талай уақыттар бойына ақпараттың жаршысы, қуаныштың хабаршысы бола беретініне сенімім мол, - деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, ол BAQ.KZ бүгінде барлық сұранысты толықтыра алатын еліміздегі бірден бір ақпарат көзі деп түсінетінін айтты.
Ендеше осынау мерейлі тойларыңыз құтты болсын! Барша ұжымды және әр журналисті айрықша құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық дендеріңізге саулық тілеймін. Қашан да қаламдырыңыз қарымды, ойларыңыз ұшқыр болсын!, - деп құттықтаған Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев.

Өзгелердің жаңалығы