Baq.kz-тің бұрынғы басшысы жаңа қызметке тағайындалды

14 Ақпан 2020, 18:39
1775
Бөлісу:
Baq.kz-тің бұрынғы басшысы жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі журналист, "Baq.kz" ақпарат агенттігінің бас редакторы, "Egemen Qazaqstan" газетінде бас редактордың орынбасары, кейіннен "Ortalyq Qazaqstan" газетінің басшысы Қамбар Ахмет "Saryarqa aqparat" медиахолдингінің бас директоры қызметіне тағайындалды.

Қамбар Жұмағалиұлы Ахметов 1978 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алып, еңбек жолын "Орталық Қазақстан" газетінде 2004 жылы тілші болып бастаған. Әр жылдары аймақтық "Балқантау", республикалық "Айқын" газеттерінде, "Baq.kz" ақпарат агенттігінің, "Қазақстан" республикалық телерадиокомпаниясының интернет жобалар бөлімінің бас редакторы болды. 

2015 жылдың қыркүйек айынан "Нұр Отан" партиясына қарасты "Электрондық партия" медиаредакциясы интернет-ресурсының басшысы. 2016 - 2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі, 2018 жылы "Egemen Qazaqstan" газеті бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. 

2019 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облыстық "Орталық Қазақстан" газетінде бас редактор міндетін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы