Бас жаңалықтар
Бәріне тілектеспін – Асанәлі Әшімов
10 Қаңтар 2021, 16:32 208

Бәріне тілектеспін – Асанәлі Әшімов

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың 10 қаңтарында Алматы қаласында Парламенттің төменгі палатасы Мәжіліс пен маслихат депутаттарын сайлау басталды. Бүгінде оңтүстік шаһарда 581 сайлау учаскесі жұмыс істейді. 

Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, қоғам қайраткерлері, қазақстан эстрадасының жұлдыздары еліміздің саяси өмірінен қалыс қалмай, сайлауға белсенді түрде қатысуда. 

Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов сайлау учаскесіне алғашқылар қатарында келіп, өз таңдауын жасады.  

Бүгінгі додаға қатысқан партиялардың қай-қайсысы да менің көрермендерім. Ешқайсын бөліп-жарғым келмейді. Бәріне тілектеспін. Дегенмен таңдауымды жасадым. Отандастарым елдің жарқын өмірі үшін адал қызмет ететін партияларға дауыс берді деп сенемін, - деді ол.


Фото: inform.kz
Загрузка...