Бас прокуратураның ақпараттық жүйесінен деректер ұрланды

14 Ақпан 2020, 13:46
1435
Бөлісу:
Бас прокуратураның ақпараттық жүйесінен деректер ұрланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір бұл жүйеден Интернет арқылы айыппұлдар, сот ескертпелері, ол адамдардың мекенжайы, құқық бұзушының фотосуреттері, автокөлік нөмірлері, көлік құралдарының парақтарындағы мәліметтер сынды құпия ақпараттар сыртқа кетіп жатыр.

Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық жүйесінен деректердің ұрланғаны анықталғанын жария етті.

Түрлі ұйымдарда мәліметтер ұрлану фактісі анықталған кезде олар Бас прокуратураға хат жолдайды. Әдетте, құзырлы орган көп күттірмей тез арада бәрін тәртіпке келтіреді. 

Алайда, бұл жолы біз ерекше бір мәселеге тап келдік - бірнеше ай бойына мәліметтер Бас прокуратураның ақпараттық жүйесінің өзінен ұрлана бастады. Біз жіберген ескертпелерге де құзырлы орган мүлде жауап бермейді. Мүмкін басшылыққа қол астындағылары "жағдай реттелді, бәрін түзедік" деп рапорт беріп жатқан шығар, бірақ іс жүзінде ештеңе өзгерген жоқ. Оның үстіне қаскөйлердің коммерцияландыру және үшінші тұлғаларға беру мақсатында белсенді түрде мәліметтерді жинау фактілері тіркелді (қылмыстық іс қозғалады деп үміттенеміз), - деп мәлімдеді Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы.
Бөтеннің ақпараттарына қол сұққан кезде үстінен әкімшілік іс қозғалған барлық қазақстандықтар мен шетелдіктерге қатысты екен. 
Дәл қазір бұл жүйе Интернет арқылы айыппұлдар, сот ескертпелері, ол адамдардың мекен-жайы, құқық бұзушының фотосуреттері, автокөлік нөмірлері, көлік құралдарының парақтарындағы мәліметтер, әртүрлі мүлік иелері (жылжымалы және жылжымайтын мүлік) және адамның кәсібі туралы мәліметтер (әкімшілік хаттаманың деректері), телефон нөмірлері, шекарадан кіру және шығу ережелерін бұзушылардың тізімі (олардың арасында көптеген шетелдік бар), төлқұжат деректері және тағы басқалар туралы барлық деректерді сыртқа жіберіп жатыр. Сондай-ақ, бұл жүйеге кіргендер деректерді өңдеуге, мәліметтерді жоюға немесе керісінше, жалған мәліметтерді тіркеуге мүмкіндік алуда, - дейді ұйым.

Олар бұл жазба ұзаққа созылған мәселені шешіп, деректердің ұрлану мәселесіне нүкте қояды деп үміттенеді.

Өзгелердің жаңалығы