Бас жаңалықтар
Бас санитар Азат Перуашевтің дәрігерлерге өтемақы төлеуді тоқтатпауы керек деген талабына жауап берді
30 Қазан 2020, 18:00 149

Бас санитар Азат Перуашевтің дәрігерлерге өтемақы төлеуді тоқтатпауы керек деген талабына жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі, елдің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов депутат Азат Перуашевтің талабына жауап берді. 

Қазіргі уақытта бұл төлемдерді жалғастыру қажеттілігі медицина қызметкерлерін де және емдеу мекемелерінің басшыларын да босаңсытып жібереді. Сосын эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге құлықты болмайды.Әрине барлығында сондай болады демеймін. Бірақ мұндай деректер жекелеген мекемелерде тіркелуі әбден мүмкін, - дейді Қиясов. 

Оның айтуынша, ведомство үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау шаралары айтарлықтай тиімді деп санайды.

Сонымен қатар дәрігерлердің, былайша айтқанда, өздерінің тікелей кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында пайда болатын тәуекелдер үшін өтемақы төлемдерін алуға мүмкіндігі бар. Жалпы бұл төлемдер қазіргі уақытта олар қажет емес деп ойлаймыз, - деп қорытындылады елдің бас санитарлық дәрігері.

Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ Жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Үкіметке депутаттық сауал жолдап, коронавирус жұқтырған дәрігерлерге төленетін қосымша өтемақыны қайтармасақ, желтоқсан-қаңтар айларында бармақ тістеп қалуымыз мүмкін деген еді. Перуашев Денсаулық сақтау министрінің бұл әрекеті үлкен қателік екенін және Үкімет тез арада қатені түзеп, дәрігерлерге өтемақы тағайындауды жалғастыру керек деген болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...