Бас санитариялық дәрігердің Жаңа қаулысы түнгі сағат 00:00-де өз күшіне енеді

19 Ақпан 2020, 16:11
2957
Бөлісу:
Бас санитариялық дәрігердің Жаңа қаулысы түнгі сағат 00:00-де өз күшіне енеді
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда коронавирус індетінің алдын алу мақсатында ҚР Бас санитариялық дәрігердің қаулысы шықты. 

Бұл қаулы бүгін түнгі сағат 00:00-де өз күшіне енеді. Соған сәйкес шарттарды бұзған азаматтар ҚР Құқықбұзушылық әкімшілік кодексінің 462-бабына сай жауапкершілікке тартылады. Яғни, айыппұл төлейтін болады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов мәлім етті. 

17 ақпан күні ҚР Бас санитариялық дәрігердің қаулысы шықты. Бұл қаулы бүгін сағат 00:00-де өз күшіне енеді. Жалпы, мына коронавирустық міндеттің алдын алу бойынша жүргізілетін профилактикалық шараларды күшейту бойынша қабылданып отыр. Осы Қаулыға сай біз сырттан келіп жатқан азаматтарды үш топқа бөліп отырмыз. Яғни, бүгіннен бастап 14 күнге кері шегінсеңіз, 6 ақпаннан бастап, Қытай жерінде болған азаматтар міндетті түрде карантинге жатқызылады. Шарттарды бұзған азаматтар ҚР Құқықбұзушылық Әкімшілік кодексінің 462-бабына сай жауапкершілікке тартылады. Егер құқықбұзушылық орын алса, тиісті айыппұлдар белгіленеді, - деп хабарлады комитет төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз конференциясында. 

14 күн жатып болғаннан кейін олар тағы 10 күн дәрігердің қадағалауында болады. 

Баса назар аударған жөн, бекетте оннан аса жұқтырған азаматтар тіркелген елден келгендер 14 күн ауруханаға емес, үй карантиніне жатқызылады.

Қазір енді дүниежүзі бойынша бұл індет таралып жатыр. Әр бекетте оннан аса жұқтырған азаматтары бар елден келгендер 14 күн үй карантиніне жатқызылады. Стационарлық емес, яғни ауруханаға емес, үйге жатқызылады. Үшінші топ – оннан аз науқас тіркелген қалалар мен мемлекеттерден келген азаматтар. Ондай елдер бар. Өздеріңіз білесіздер статистикалық мәліметтерді. Сондай елдерден біздің елімізге кірген азаматтар мен азаматшалар олар 24 күн дәрігердің қадағалауында болады, - деп атап өтті брифингте сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. 

Оның айтуынша, бұл шарттарды бұзған азаматтар ҚР Құқықбұзушылық Әкімшілік кодексінің 462-бабына сай жауапкершілікке тартылады. Егер құқықбұзушылық орын алса, тиісті айыппұлдар белгіленеді.

Оны әр тұрғылықты жерде учаскелік дәрігерлер мен Ішкі істер органдарының полиция өкілдері қадағалап отырады. Күн сайын барып тұрады. Сол себепті барша азаматтарды жауапкершілік танытуға шақырамыз. Ең алдымен, мына үй карантинінде болған азаматтар мен азаматшалар өзінің туған-туысқандарын, достарын, жақындарын ойлау керек. Яғни, үйдегі карантинды қатаң сақтауы қажет, - деп айрықша атап айтты Диас Ахметшәріп.

Ол бүгінгі таңда індет өршіп тұрған шақта қазақстандықтардан шетелге шықпауларын өтінді.

Өзгелердің жаңалығы