Баскетбол федерациясы ұлттық біріншілікті мерзімінен бұрын аяқтады

26 Мамыр 2020, 11:39
1453
Бөлісу:
Баскетбол федерациясы ұлттық біріншілікті мерзімінен бұрын аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан баскетбол федерациясының атқарушы комитетінің отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде баскетболдан Қазақстан Республикасының XXVIII чемпионатын мерзімінен бұрын аяқтау мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Елде орнатылған төтенше жағдайға байланысты бұқаралық жиындар, соның ішінде спорттық жарыстар тоқтатылды. Осыған орай, Қазақстан баскетбол федерациясы 2019/2020 жылғы маусымды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдады. Осылайша, ерлер мен әйелдер арасындағы ұлттық лига және жоғарғы лигадағы ерлер командасы арасынандағы жеңімпаздар белгілі болды.

Ұлттық лиганың ерлер командалары:
1 орын – "Астана" БК Нұр-Сұлтан
2 орын – "Атырау барыстары" БК Атырау 
3 орын – "Тобыл" БК Қостанай 
4 орын – "Ақтөбе" БК Ақтөбе 
5 орын – "Синегорье" БК Көкшетау 
6 орын – "Каспий" БК Ақтау 

Жоғарғы лиганың ерлер командалары:

1 орын – "Қазығұрт" БК Шымкент 
2 орын – "Барыс" БК Петропавл 
 3 орын – "Ертіс" БК Павлодар 
4 орын – "СДЮСШ" БК Алматы облысы
5 орын – "Атырау барыстары – 2" БК Атырау 
6 орын – "Алматы легионы – 2" БК.

Ұлттық лиганың әйелдер командалары:

1 орын – "Астана Тайгерс" БК Нұр-Сұлтан 
2 орын – "Ертіс" БК Павлодар  
3 орын – "Синегорье" БК Көкшетау  
4 орын – "СДЮСШ" БК Алматы облысы
 5 орын – "Тұран" БК Түркістан облысы
6 орын – "Қазығұрт МарС" БК Шымкент 
7 орын – "Оқжетпес" БК Ақмола облысы.

Ерлер мен әйелдер командалары арасында Қазақстан Кубоктарының ұтыс ойынын өткізу 2020 жылдың қыркүйек айына жоспарланған. 



Өзгелердің жаңалығы