Бүгіннен бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

16 Наурыз 2020, 11:20
2951
Бөлісу:
Бүгіннен бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап Қазақстанда 1 айлық төтенше жағдай режимі іске қосылды.

Әлемді дүр сілкіндірген коронавирус індетінің алдын алу мақсатында кеше Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы Қаулы қабылдаған болатын.

Онда Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына және "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес Қаулы қабылдайтынын айтты президент.

Қаулыға сәйкес еліміз азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңі аралығында төтенше жағдай жарияланған.

  • Төтенше жағдай кезінде режимді қадағалау үшін арнайы комиссия құрылды.

  • Комиссия құрамында облыс әкімдері, министрлер, респбликалық маңызы бар қала әкімдері бар.

  • Төтенше жағдайға байланысты қоғамдық қауіпсіздік пен күзет жүйесі күшейтілді;

  • Ірі сауда объектілерінің жұмысына шектеу қойылды; сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, т.б. адам көп жиналатын объектілердің қызметі тоқтатылды;

  • Карантин енгізіліп, санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізіледі;

  • Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар, отбасылық, салт-дәстүр іс-шаралар тоқтатылды;

  • Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеу қойылды.

Өзгелердің жаңалығы