Басындағылар ғана 114 мың алады: "Котел немесе черная кассаға" алданып қалмаңыздар

17 Ақпан 2020, 16:51
3527
Бөлісу:
Басындағылар ғана 114 мың алады: "Котел немесе черная кассаға"  алданып қалмаңыздар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір Whats App желісі арқылы "Котел немесе черная касса" деген ойын тарап жатыр.

Сарапшылар мұны кезекті қаржы пирамидасы деп отыр.

Бұл – кәдімгі Понци жүйесі. Яғни, соңғы келген инвесторлардың қаржысын басында кірген инвесторлар алады. Қарапайым тілмен айтқанда, қаржы пирамидасы. "МММ", "Кэшбери" және қазір кең тараған басқа да тұрғын үй, круиз кооперативтері секілді жүйемен істейді, - деп жазды Finance.kz сайтының telegram каналы. 

"Котел немесе черная касса" ойынына кіру үшін 14 300 теңге салып, соңына екі досын кіргізеді. Олар да соңына екі адам қосқан кезде, төбедегілер пирамиданың үстіне шыға береді. Сөйтіп, сегізінші адам кірген кезде 114 000 мың теңгені алып, шығып кетеді. Тізбек осылай жалғаса береді. Бірақ басында кірген адамдар алады да, соңында кіргендер белсенді болмай, 14 300 теңгесінен айрылып қалады. Яғни, пирамиданың үстіндегілер ақшасын қайтарып қана қоймай, қосып алады. Соңындағылар түксіз шығады. 

Мен де кірдім. Ақша қатты керек болды. Осындай жүйе екенін білдім. Бірақ тәуекел жасадым. Ақшамды алдым. Соңымнан екі адам келді. Оларға да қосылды. Сөйтіп, 114 000 теңге алды. Бірақ соңымнан кіргендердің төмендегі "цепочкасындағылар" ақша салмаған соң, түксіз қалып қойды. Сосын бірден туыстарыма, достарыма қоңырау шалып, бұған жоламауды ескерттім. Енді менің соңымнан келгендер маған ренжіп қалды. Амал жоқ ұтысымды беруге тура келді... Енді қайтып ойнамаспын. Құмарға беріліп бірнеше қайта ойнап жатқандар да бар. Оларды тоқтату қиын, - деді атын жасырып қалған елорда тұрғыны.

Өзгелердің жаңалығы