Батыс Қазақстанда мұнай компаниясының қызметкерлері тамақтан уланды

15 Мамыр 2021, 14:30
2009
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда мұнай компаниясының қызметкерлері тамақтан уланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында Қарашығанақ кен орнында жұмыс істейтін мұнай компаниясы қызметкерлерінің жаппай уланғаны туралы ақпарат zhaloba_aksay_official инстаграм парақшасында пайда болды, деп жазды tengrinews.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшада адамдарың қатты уланып, ауыр жағдайда, кейбірі жансақтау бөлімінде екені туралы жазылған. Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы алты адамның тамақтан уланғанын растаған.

12 мамыр күні Бұрлы ауданының ауруханасына бес пациент келіп түсті. Келесі күні тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

Оларға қойылған диагноз – азық-түліктен улану. Екі пациенттің жағдайы ауыр болғандықтан реанимацияға жатқызылды. Келесі күні бір пациенттің жағдайы жақсарып, аурухананың инфекциялық бөліміне, екінші пациент кеше жалпы палатаға ауыстырылды. Қалған үш пациенттің жағдайы орташа ауыр. Олар ем алып жатыр, -деп хабарлаған басқарманың баспасөз қызметі.

Бұрлы ауданының әкімдігі аталған факт бойнша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы