Бас жаңалықтар
Баян-Өлгийде "Бүркітшілер тойы" өтеді
29 Қыркүйек 2020, 06:33 131

Баян-Өлгийде "Бүркітшілер тойы" өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның бүркітті аңшылар қауымдастығы ұйымдастыратын жыл сайынғы «Бүркітшілер тойы» 3-4 қазан күндері Баян-Өлгий аймағында өтеді. Бұл туралы жергілікті МОНЦАМЭ агенттігі хабарлады.

Осымен 21 мәрте өткізілетін туристік іс-шараны Моңғолия Қоршаған орта және туризм министрлігі мен Баян-Өлгий аймағы әкімшілігі бірлесе ұйымдастырады. 

Фестиваль кезінде 60-тан аса аңшы сайысқа түсіп, көрермендерге құсты басқара алу және оның көмегімен аң алу шеберлігін көрсетеді. Сондай-ақ, шара аясында түрлі жарыстар, қойылымдар және қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...