Моңғолиялық қазақ депутат Ұлы құрылда баянөлгийлік депутаттардың мандаты сақталу керектігін айтты

15 Қараша 2019, 15:01
10291
Бөлісу:
Моңғолиялық қазақ депутат Ұлы құрылда баянөлгийлік депутаттардың мандаты сақталу керектігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қарашада Моңғолия парламенті 1992 жылы бекітілген Моңғолия Конституциясына қосымша  өзгертулер еңгізу туралы заң қабылдады. Бұл туралы kaznews.mn сайты хабарлады.

Осы сәтте Моңғолия парламентінің депутаты, құрылыс, қала құрылымы министрі Бәделхан Қабдісіләмұлы Баян-Өлгий аймағының азаматтарының сайлау, сайлану жөнінде сауал қойып,  жауап беруін өтінді.
Қазіргі Конституция бойынша "МҰХ-ның мүшесі – халық елшісі болып табылады. Ол халықтың дауыс тікелей беруі арқылы сайналады" делінген. Ата заңдағы бұл бап сол қалпында қалтырылады. Біздің аймақтан сайлау сайын 3 депутат сайланып келеді. 1924 жылғы алғашқы Негізгі заңды қабылдаған 72 депутаттың үшеуі біздің аймақтан болды. Тек 2012 жылы аралас жүйемен өткен сайлауда ғана 2 өкіл сайланды. Біз бұл кезде аймақ азаматтары мен ұлт азшылығы құқығы бұзылды деп көреміз. Азаматтар да солай айтып жүр. Сондықтан да азаматтар бізге осы ойларын жеткізіп беруді айтып отыр. Егер аралас жүйеде өткізілсе, біздің құқығымыз бұзылады.  Парламенттегі 3 өкіл де мұны қолдамайды. Енді қабылданатын заң және тәртіппен немесе жаңа заңмен  мұны ретке келтіріп, тұрақты 3 өкілді болатындай етіп, заңдастырып беруге болмай ма?, - деді МҰХ-ның мүшесі Қабдісіләмұлы Бәделхан.
МҰХ-ның төрағасы Г. Занданшатар:  Д. Лүндээжанцанға сөз берейін.
Біз Ата заңды қабылдаған кезден бастап, 1990 жылы  жаңа негізгі заңды қабылдау үшін құрылған Халық Ұлы Хуралы  кезінде және әрқашан Баян-Өлгий аймағы өкілдерін қалыс қалдырған емеспіз. Сол үшін сайлау заңдарында да бұл жағдай көрсетілген. Егер пропорцианаль және мажоритар жүйе араласқан, көп дауыс алған партия өкілдерін пайыздық мөлшерімен анықтау жанама және тікелей сайлау жүйесі конституцияға енгізілсе де, Баян-Өлгий аймағы, сондай-ақ қазақ азаматтар өкілдері  мандаты азаймайды. Жаңа ғана мен МҰХ-ның мүшесі  Д.Мұратпен осы мәселе төңірегінде көп әңгімелестім. МҰХ-ның мүшесі  Қ.Бәделханға пікірін айтатын болып жатқандықтан кезіге алмадым. Мұны мен емес, келісім жұмыс тобы ұсыныс етіп отыр. Егер бұл бап енгізілсе, 2024 жылы Баян-Өлгий аймағына тікелей өкілін сайлау үшін 2 мандат беріледі. Одан  тыс мемлекеттік деңгейдегі аумаққа  атын  ұсыныушылар   партиялар тарапынан ұсынылады.  Мұндай жағдайда мемлекет бойынша қазақ азаматтар өкілдері парламенттен ең кем дегенде 3-4 орын алуына мүмкіндік бар деп есептеліп шығарылған. Еліміз  Конституциясында  "дүние мүлкі, жасы, жынысы, шыққан тегіне қарай азаматтарды алалауға, шеттетуге болмайтындығы" көрсетілген. Сайлау заңында да бұл ұстаным  ескерілген.  Сіздің айтып отырған аралас сайлау жүйесіне қатысты мәселе "62-нің тобы /Конституцияға қосымша өзгерту енгізу қажет деп заң жобасына қол қойған парламент депутаттары/" жобасына енген жоқ. Алайда, сайлаушылардың  берген дауысы есептелмей қалатын жағдай жоқ. Адамдардың жалғыз наразы болатыны, бұл – партияның атын жамылып, жабық тізім арқылы көптің қолдауына ие бола алмайтын, қаламаған адамдардың парламентте отыруы.  Біз мұны ескеріп, ашық тізім жасап, аумақ пен тізімге енген атын ұсынушы үшін дауыс беретін етіп жасадық, - деді МҰХ-ның мүшесі,  Конституцияға қосымша өзгерту енгізу жұмыс тобы мүшесі Д.Лүндээжанцан.

МҰХ-ның төрағасы Г. Занданшатар:  Қ. Бәделхан депутатқа қосымша 1 минут беріледі.

Лүндэжанцан мырза, мемлекет бойынша атын ұсынушы «сайлануы мүмкін» деп отыр. Мен нақты жағдайды анықтамақпын. Неге десеңіздер, біз конституцияға қосымша өзгертулер енгізбекпіз.  Сондықтан да "Баян-Өлгий аймағына 3 мандат беруді заңдастырып берсеңіздер" дегенді айтып отырмын. Неге десеңіз, біздің  орынымызды кейін жастар басады. Олар сол кездегі депутаттар не айтты, неге бұл мәселені қозғамады деп айтпай ма?! Сол үшін де оны кепілдендіріп алғанды жөн санаймыз. Бұл менің емес, осында отырған үш өкілдің сауалы деп есептеңіздер, - деді -МҰХ-ның мүшесі  Қабдісіләмұлы Бәделхан.

МҰХ-ның мүшесі,  Конституцияға қосымша өзгерту енгізу жұмыс тобы мүшесі Д.Лүндээжанцан:

Сайлаудан бір жыл бұрын "Сайлау туралы заңды өзгертуге тыйым салынады" деп Негізгі заңға енгелі отырған қосымша өзгерту енгізу жобасында көрсетілген. Не болса да, 2022-2023 жылдары Сайлау туралы заңды жаңалап, бекітуге тиіс.  Осы кезде Баян-Өлгий аймағы үш мандатын қысқарпайтыны туралы арнайы баппен бекітіп беру қажет.  Бұл осы мәжіліс хаттамасына жазылуы қажет. Біз Сайлау туралы заңды үнемі өзгертіп, оған қайта-қайта түзету жасап, жамап-жасқап келеміз. Осы кездері Баян-Өлгий аймағы өкілі үштен төмен болмауы керек деген принцип ұстанып келдік. Бұл қай кезде де осылай болғаны жөн.
Аралас жүйе бойынша сайлау өткізу бабы көпшілік тарапынан қолдау таппай, конституцияға қосымша өзгерту енгізу жобасынан алынып тасталды.

Естеріңізге салсақ, Моңғолия Конституциясына қосымша өзгерту енгізу мәселесі соңғы үш парламентте белсенді талқыланатын тақырыпқа айналып, қазіргі МҰХ 5 ай, 158 тәулік талқыға салып бекітті.

Осылайша 1992 жылы қабылданған Ата заңға 2000 жылы жасалған жеті қосымша өзгертуден кейін  екінші рет қосымша өзгерту енгізілді. Бұл жолы 35 бап, тармаққа қосымша өзгерту жасалды. Конституция өзгертуін мәжіліске қатысқан 63 депутаттың 100 пайызы қолдауымен бекітті. Дауыс беруге парламенттегі Демократиялық партия кеңесі мен МҰХ-ның мүшесі О. Басанхүү қатысудан бас тартты. Қосымша өзгерту енгізілген Конституция 2020 жылы 25 мамыр 12:00 сағатта күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы