Павлодардағы Байдала ауылында футбол алаңы ашылды

5 Маусым 2020, 03:43
3523
Бөлісу:
Павлодардағы Байдала ауылында футбол алаңы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда Байдала ауылында жаңа футбол алаңы ашылды. Нысанды салуға "Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру" бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Бұл туралы Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды. 

Футбол алаңында құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер ұйым – "Football Land" ЖШС.
Сонымен қатар, жақын арада осы жерге балалар алаңын орнататын боламыз.  Қаладағы сияқты жағдай жасалатын болады. Аталмыш балалар алаңы мерзімі бойынша осы жылдың шілде айының басында пайда болады. Қазіргі уақытта бюджеттен қаражат бөлініп, мердігер анықталды, - деді Кенжекөл ауылдық округінің әкімі Серік Шуақбаев.
Сонымен қатар, мердігер ұйым демеушілік көмек көрсетіп, ауыл балаларына ойын алаңын сыйға тартты.

Бүгінде ауылда 774 адам тұрады, оның ішінде 250-ге жуығы – бала.

Өзгелердің жаңалығы