Байқоңырдан «Союз» зымыран тасығышы ұшырылды

28 Ақпан 2021, 15:35
1497
Бөлісу:
Байқоңырдан «Союз» зымыран тасығышы ұшырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 ақпанда Байқоңыр ғарыш айлағынан «Фрегат» үдеткіш блогы мен «Арктика-Н» гидрометеорологиялық спутнигі бар «Союз-2.1 б» зымыран-тасығышы ұшырылды. Оқиғаның тікелей трансляциясы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының сайтында көрсетілді.

Ғарыш аппараты екі сағаттан кейін үдеткіш блок арқылы мақсатты орбитаға шығарылады.

Жаңа аппарат Жер беті мен Солтүстік мұзды мұхит теңіздерінің тәулік бойы ауа райының мониторингін, сондай-ақ тұрақты және сенімді байланыс пен басқа да телекоммуникациялық қызметтерді қамтамасыз етеді, - деді Роскосмос.

«Арктика-М» «Навигатор» платформасының негізінде құрылды. Жабдық кешені орнатылған платформа спутниктің ұшудың барлық кезеңдерінде жеті жыл бойы қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы