«Союз МС-18». Бізге үлкен міндет жүктеліп отыр - Олег Новицкий

9 Сәуір 2021, 13:09
1001
Бөлісу:
«Союз МС-18». Бізге үлкен міндет жүктеліп отыр - Олег Новицкий

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Союз МС-18" әуе кемесі ұшырылмақ. Ол тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің құрметіне аталған. 

Дәлі қазір roscosmos ракетаны космосқа ұшыру алдында белгілі ғарышкерлердің қатысуымен тікелей тарнасляция жүргізіп жатыр. Пилоттық басқару кемесінен «Союз-2.1а» ракета тасымалдағышы Мәскеу уақытымен сағат 10:42-де ұшырылады.

Пилоттық кеменің ұшу мерзімі 191 тәуілікті құрайды. Экпипаж құрамына «Роскосмостың» космонавтары кірді. Олардың қатарында Олег Новицкий, Петр Дубров және NASA автронавты Марк Ванде Хай кірді.

Тікелей трансляция барысында айтылған мәліметке сәйкес, экипаж мүшелері коронавирусқа қарсы екпе салдырған.

Трансляция барысында экипаж мүшелерінің ұшу процесіне дайындығы баяндалды. Олар өздеріне үлкен міндет жүктеліп отырғанын айтып, әсерлерімен де бөлісті. Олег Новицкий мен Петр Дубров бұл сапарға жарты жыл бұрын дайындала бастаған.

Петр Дубровтың айтуынша, ол космонавт болуды бала кезден армандаған. Хабаровск қаласында туып өскен оның әкесі де космонавт болған. Соның жолын қууды арман еткен ол мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етіпті.

Олег Новицкийдің айтуынша, 8,5 жылдан бері космосқа ұшуға дайындық жүргізумен келеді. Ол осыған дейін парашютпен 500 рет секіргенін айтты.

Мен үшін қорқыныш сезімі жат болуы тиіс, бұл менің арманымның жолы, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы