"Бәйтерек" басшылығы қанша жалақы алады?

19 Ақпан 2020, 14:07
2901
Бөлісу:
"Бәйтерек" басшылығы қанша жалақы алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің 24 ақпанда өткен кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Бәйтерек" холдингінің әкімшілік шығындары бір жылда 54 млрд теңгеге жеткенін айтып, бұл шығынды қысқартуды міндеттеген болатын. Бірақ "Бәйтерек" холдингі басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев өз жалақысын жария етуден бас тартты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингісінде бірнеше тілшілер мемлекет басшысының Үкімет отырысында берген тапсырмасына орай "Бәйтерек" холдингі қызметкерлерінің жалақысы мен қызметкерлердің атқарған жұмысына байланысты берілетін премия мен бонустардың көлемін сұраған еді. Бірақ, басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев "БАҚ" туралы заңға сәйкес, өз жалақысын жария етуден бас тартты.

Әрине, қызық сұрақ болып тұр. Мен жалпы айтып кетейін, біздің жалақымыз Үкіметіміздің №1266 қаулысымен реттеледі. Сол қаулымен түгел мемлекеттік қызметкерлер өз жалақысын алады. Бірақ, жалақының нақты сомасын мен дәл қазір ашық түрде айта алмаймын. Себебі, "БАҚ" туралы Заңды білесіз. Сол заңда осындай ақпаратты ашық айту міндеттелмеген, - деп жауап берді ол. 

Айта кетейік, Үкімет отырысында президент айтқан мәліметке сүйенсек, холди

нг қызметкерлерінің жалақысын төлеуге 24 млрд теңге жұмсалады екен. 
"Бәйтерек" ұлттық холдингінің басшылығы бүгін хабарлағанындай, жыл басынан бері холдинг 170 штат санын қысқартып үлгерген.

Өзгелердің жаңалығы