Bek Air әуекомпаниясының қызметкерлері президентке үндеу жолдады

19 Ақпан 2020, 16:38
1336
Бөлісу:
Bek Air әуекомпаниясының қызметкерлері президентке үндеу жолдады

Алматы, BAQ.KZ. Bеk Air әуекомпаниясының бортсеріктері ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жолдады.

Компания қызметкерлері мемлекет басшысына жолдаған үндеуінде 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған оқиғада жақындарын жоғалтқан жандармен бірге қайғыратындарын және өздері де әріптестерінен айырылғандарын жеткізген.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз Қазақстан Республикасының азаматтары, "БЕК Эйр" әуекомпаниясының бортсеріктеріміз. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қазақстан Республикасының азаматтарының құқығын қорғайтын және әділдік кепілдігі ретінде сізден көмек сұраймыз! Біздің үндеуімізді қараусыз қалдырмауыңызды және "БЕК Эйр" әуекомпаниясының сертификатының қайтарылуына себепші болуыңызды өтінеміз!, - делінген үндеуде.




Өзгелердің жаңалығы