Бекшин: Алматыда КВИ жұқтыру деңгейі бірінші аптаның деңгейінен 9 есе асып түсті

23 Қазан 2020, 15:34
1333
Бөлісу:
Бекшин: Алматыда КВИ жұқтыру деңгейі бірінші аптаның деңгейінен 9 есе асып түсті

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Алматы қаласында 23 қазандағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының (КВИ) 14607 оқиғасы тіркелген, оның 8762-сі симптомды, 5845-сі симптомсыз.

Соңғы тәулікте COVID-19-дың 44 жағдайы және анықталмаған пневмонияның 5 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0,3%, жұқтыру коэффициенті – 1,37 құрады. Ағымдағы аптада КВИ ауруының деңгейі бірінші аптаның деңгейінен 9 есе асып түсті. Қаладағы жағдай шиеленісе түсуде және аурушаңдықтың өсіп келе жатқаны байқалуда, - деп атап өтті Жандарбек Бекшин.

Жалпы әлемдегі эпидемиялық жағдай нашарлап бара жатқаны атап өтілді. Мысалы, Ресейде күніне 12 мыңнан астам жағдай тіркеледі. Еуропа мен Америка аймағында да осындай жағдай. АҚШ-та тәулігіне шамамен 60 мың жағдай, Францияда - 30 мың жағдай, Ұлыбританияда – 14 мың жағдай, Испанияда, Германияда және Италияда 5-15 мың жағдай тіркелген.

Бекшин атап өткендей, қалада сырқаттанушылықтың өсу себебі – жаппай көпшілік шараларды ұйымдастыруда. Халық тарапынан жалғасып жатқан бұзушылықтар - бірінші кезекте үйлену және еске алу шаралары аса қауіпті. Өйткені ондай жиындар көп адамның жиналуымен және желдетілуі нашар жабық үй-жайларда өткізіледі. Мұндай іс-шараларда қонақтардың ұзақ уақыт отыратыны және кеңінен байланыс жасайтыны белгілі. 

Менің той ұйымдастырушыларына айтпағым: Сіз өзіңізге ғана емес, барлық қонаққа, инфекцияны өзіне жұқтыру арқылы оны отбасыларына тарататын қарт туыстарға да қауіп төндіресіз. Сондай-ақ той немесе еске алу кезінде мониторингтік топтардың талабы бойынша іс-шараны тастап кетуге мәжбүр болған қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырасыз. Бұл әртүрлі көпшілік іс-шараларға қатысқан науқастардың 38%-на жұқтыруға себеп болды, - деді Бекшин. 
Эпидемия немесе оның қаупі жағдайында бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 10-нан астам адамның жиналуы жаппай шара болып табылады. Соңғы аптада Алматының мониторингтік топтары бірқатар бұзушылықты анықтады: Медеу ауданында Black hall Bar пабы, Bla Bla Bar бары сағат 24.00-ге дейін жұмыс істеген, Түрксіб ауданында "Эрмитаж" дәмханасында банкеттік іс-шара (үйлену тойы), "Золотой кувшин" дәмханасында отбасылық іс-шара, Наурызбай ауданында "Алтын" мейрамханасында - ұзату, Tengri дәмханасында - мерейтой. Бұл нысандарда мониторингтік топтардың қызметкерлері қонақтарды таратып жіберді. Тәртіпбұзушылықтар қайталанған жағдайда объектілер сот тәртібімен жабылатын болады.
Алматыда сырқаттанушылықтың өсуінің екінші себебі – қоғамдық көлік, онда бетперде режимі жиі бұзылады, қолғап пайдаланылмайды. Сондықтан біз бетперде мен қолғап кию режимін қатаң сақтауды талап етеміз, - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Үшінші себеп - ұйымдарда коронавирус инфекциясының көп тіркелуі. Қызметкерлердің көп жиналуын төмендету және жұмыста да, жұмысқа барар жолда да байланысты шектеу үшін ТКҚСҚБД тіршілік әрекетін қамтамасыз ету объектілерін қоспағанда, қызметкерлердің кемінде 30%-ын қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруді талап етеді.

Төртіншіден, ауру өсуінің себебі - отбасында қайта жұқтыру. Ересектер, әсіресе, жастар түнгі клубтар мен тамақтану орындарына барғанда, инфекцияны қарт отбасы мүшелері, ата-аналары, аға-інілері бар отбасыларға әкеледі.

Алматы қаласы бойынша 2020 жылдың 8 қазанынан бастап карантиндік шараларды сақтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. Аудандық әкімдіктер жанында 26 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олар жергілікті жерлерде эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау мақсатында объектілер бойынша күн сайын тексеру іс-шараларын жүргізеді. Ағымдағы жылдың 8 қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін мониторингтік топтармен 1656 объект қамтылды. Оның ішінде карантин кезеңінде жұмыс істейтін 406 объектіде маска режимін бұзу анықталды. Жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-тармағы бойынша 3,9 млн теңге сомасына 94 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Өзгелердің жаңалығы