Бас жаңалықтар
Беларусь пандемияның өршуіне байланысты көршілес елдермен шекараны жапты
30 Қазан 2020, 00:25 162

Беларусь пандемияның өршуіне байланысты көршілес елдермен шекараны жапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көршілес мемлекеттерде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты Беларусь елі жерүсті транспортымен өз аумағына кіруді уақытша шектеді. Бұл туралы БЕЛТА агенттігіне Мемлекеттік шекара комитетінің ресми өкілі Антон Бычковский мәлім етті.

Өткізу пунктері арқылы Латвия, Литва, Польша және Украина елдерінен азаматтардың жекелеген санатына кіруге рұқсат жоқ. 

Бұл тыйымның дипломатиялық және қызметтік паспорттармен құжатталған дипөкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметкерлеріне, автомобильмен халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлік жүргізушілеріне, халықаралық теміржол бағыттарының пойыз және локомотив бригадаларына қатысы жоқ. 

Айта кетейік, Минскінің Ұлттық әуежайындағы өткізу пунктінде аталмыш шектеулер енгізілмеген.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...