Бас жаңалықтар
Белгілі әнші Павлодарға бара жатқанда жол апатына түсті
07 Наурыз 2021, 13:07 488

Белгілі әнші Павлодарға бара жатқанда жол апатына түсті

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Танымал опера әншісі Мария Мудряк Павлодарға бара жатқанда жол апатына түсті. Бұл туралы әртіс Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Мен Қазақстандамын! Ал кеше біздің екінші туған күніміз болды. Алдымен, осындай сәтте біздің отбасымызға қолдау көрсетіп, жанашырлықтарын аямаған барлық мейірімді және қамқор адамдарға алғыс! Біз Павлодарға үйге бара жатқан едік, көктайғақтан көлігіміз екі рет аударылып, жыраға ұшып кетті, - деді опера әншісі.

Ол құдай сақтап, аман қалғандарын айтып отыр.

Өтіп бара жатқан көліктердің барлығы тоқтады, ал 15-ке жуық адам жабылып жүріп шығарып алуға тырысты! Мен олардың аттарын білмеймін, бірақ  осындай мейірімді жандар бар кезде әлем өмір сүреді. Бұл біздің қазақстандықтар! Барлығына рахмет,- деп Мудряк Қазақстан халқына алғысын білдірді.

Еске салайық, Мария Мудряк ұзақ жылдар бойы Италияда тұрады және әлемдегі ең танымал сахналарында өнер көрсетеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...