Белгілі саясаткерлермен онлайн кездесу өтеді

26 Қыркүйек 2020, 19:03
2726
Бөлісу:
Белгілі саясаткерлермен онлайн кездесу өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі саясаткерлер мен танымал журналистердің қатысуымен білім саласына қатысты саяси мектеп онлайн кездесулері өтеді.

Жаңа оқу жылы жаңа форматта басталып, алғашқы айы аяқталып келеді. Оқу процессінің басталуы ерекше болғанына қарамастан, барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтап, тұрақты жұмысымызды жүргізуге кірісейік. Студенттердің тек теориялық білімімен шектелмей, қолданбалы саясатты талдау мүмкіндігін беру үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті "Саясаттану" кафедрасының бастамасымен биылғы 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында "Саясаттанушылар клубының" апталық кездесулері өтетін болады - деп жазды Индира Рыстина.

Оның сөзіне қарағанда, саяси мектептің басты мақсаты болашақ саясаттанушылардың саясатқа деген қызығушылығын арттыра түсу.

Онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы өтетін шараға Президент көмекшісі, саясаткер Ерлан Қарин, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Ұлытау ауданының әкімі, саясаткер Берік Әбдіғали, Еуразия интеграциялық институтының директоры, саясаттанушы Ерлан Саиров, саясаттанушы Айдос Сарым және Саясат Нұрбек қатарлы саясаттанушылар мен қоғам белсенділері қатысады.

Спикерлер еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды тұстарына тоқталып, қатысушылардың сауалдарына жауап береді.

Кездесулер уақыты:
28.09.20 сағ. 19.00. Берік Уәли
29.09.20 сағ. 19.00. Ерлан Қарин
30.09.20 сағ. 19.00. Берік Әбдіғали
01.10.20 сағ. 19.00. Айдос Сарым
02.10.20 сағ. 19.00. Ерлан Саиров
03.10.20 сағ. 19.00. Саясат Нұрбек

Өзгелердің жаңалығы