Бас жаңалықтар
Қытайдағы белгісіз вирус Оңтүстік Кореяда тіркелді
20 Қаңтар 2020, 16:47 738

Қытайдағы белгісіз вирус Оңтүстік Кореяда тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореяда 35 жастағы әйел короновирус жұқтырған.

Оңтүстік Кореяда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғаны туралы растады. Тіркелген алғашқы вирус туралы Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу орталығы хабарлады, деп жазады Reuters.

Вирусты 35 жастағы әйел жұқтырған. Ол Қытайдың Ухань қаласынан ұшып келген. Жаңа вирус дәл осы қалада тараған болатын. Әйел Инчхон әуежайында өзін жайсыз сезінген. Дене қызуы көтеріліп, тынысы тарылған және осыған ұқсас басқа белгілер байқалған.

Оны жергілікті ауруханаға жатқызып, оқшаулап қойды. 

Айта кетсек, 2019 жылдың соңында Қытайда пневмонияның жаңа түрі тіркелді. Оның қатты тарауына коронавирустың жаңа түрі себеп болған. Бұл тек өкпенің қабынуын емес, басқа да маңызды органдардың жұмысын тоқтатуы мүмкін.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...