Берік Уәли Үшкемпіров туралы: Қаймана қазақты жатсынбай бауырына тартатын

4 Тамыз 2020, 14:40
2054
Бөлісу:
Берік Уәли Үшкемпіров туралы: Қаймана қазақты жатсынбай бауырына тартатын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық аға Үшкемпіровты ақтық сапарға аттандырдық. Кеңсайға қойылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды. 

Аты ғана емес, заты да Жақсылық еді жарықтықтың. Мені еркелетіп "бала" дейтін. "Бала қалайсың?" деп арқамнан қағатын. Қазақтың "жақсыда жаттық жоқ" деген сөзінің мәнін мен осы кісіге қарап бағамдадым. Қаймана қазақты жатсынбай бауырына тартатын. Ұлтты бөлмей сүйетін. Қашан көрсең жарқылдап жүретін. Өзі айтқандай, Жақсылық ағамыздай бес мың жігіт болса, күллі қазақ ауылдарын дүркіретіп көтеруге болады, - деді ол. 
Берік Уәли аты жаман дерт талай асылымыздан айырғанын айтты.
 Ендігі қалған жұртқа Алла амандық берсе екен. Мәңгілік мекенінде боз төбе болып қалды қайран ер! Бақұл болыңыз, Жақсылық аға!, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы