Бас жаңалықтар
АӘК тағайындауға өтініш беруге өзгеріс енгізілді
19 Ақпан 2020, 17:20 189

АӘК тағайындауға өтініш беруге өзгеріс енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АӘК тағайындауға өтініш берген отбасының жалпы кірісін есептеу кезінде тұрғын үй сертификаттарының сомасы ескерілмейді. Мұндай өзгерістер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі "АӘК-ге жүгінген адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу ережесін бекіту туралы" бұйрығына енгізілді.

Өзгерістер ағымдағы жылғы наурыз айының басында алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй сатып алу кезінде 1 млн теңге мөлшерінде бастапқы жарнаны қамтамасыз ету үшін беріледі.  Бұл Қазақстан азаматтарының алуға мүмкіндігі бар жергілікті атқарушы органдардың көмегі.

Алушылардың тізіміне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт салаларының, полиция қызметтерінің қызметкерлері, сондай-ақ көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар кіреді. Сертификат бастапқы жарнаның қажетті мөлшерінің 90%-ына дейін жабу үшін беріледі.

Ағымдағы жылы еліміздің барлық өңірлерінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасы бойынша нысаналы топ үшін "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру бойынша түсіндіру семинарлары өтеді деп жоспарлануда. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" мен өңірлердің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы кеңінен ақпараттық кампания өткізуде.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы 100 тұрғын үй сертификаты 2018 жылдың соңында ел астанасында берілді. 2019 жылы Нұр-Сұлтандың 300 тұрғыны 1 млн теңгеден алды. Елорда үлгісі бойынша сертификаттар республиканың барлық аймақтарында беріле бастады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...