2019 жыл: Бес баланың өлімі, аналар наразылығы және атаулы әлеуметтік көмек

26 Желтоқсан 2019, 11:57
7967
Бөлісу:
2019 жыл: Бес баланың өлімі, аналар наразылығы және атаулы әлеуметтік көмек
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қазақстанда біршама оқиға болды. Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың қатары көбейді. Табысын жасырған отбасылар анықталып, бюджет қаржысы қайтарылды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала санына қарамай көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылданды.

astana7.jpg 

Бес баланың өлімі

1000x620.jpg

2019 жылдың 4 ақпанында елордада "Көктал-1" тұрғын үй алабында өрт шығып, онда жеке үйдің аумағындағы шағын үй жанып кетті. Қайғылы оқиға салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылы туған бес қыз бала көз жұмды.

2019-02-05-11.06.34.png

Өрт салдарынан көз жұмған балалардың анасы (1986 жылғы – авт.) пластикалық ыдыс шығаратын зауытта, ал әкесі (1984 жылғы – авт.) көлік жөндеу орталығында қызмет етеді. Қайғылы оқиға кезінде екеуі де түнгі ауысымда жұмыста болған.

is1cslfqses_01.jpg

Қаһарлы қыстың аязы мен боранына қарамастан бес бүлдіршінді жер қойнына тапсыруға бүкіл ел жиналды. 

9171451.jpg

5 ақпан күні Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтып, Үкімет пен Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

image28933963_5247f2804a1e4ae978498150fbf25772.jpg

Барлық өңірдің әкімдері құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуі керек, сондай-ақ тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тиісті шараларды қабылдаған жөн, - деді Назарбаев.
Sagintaev.jpg

Үкімет отырысында экс-премьер Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғаны "жантүршігерлік жағдай, бір отбасының басына түскен ауыр қайғы" деп атап, марқұм болған балалардың ата-анасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты.

 

Аналар наразылығы
99_main.jpg

Осы оқиғадан кейін 6 ақпан күні елордада 60-қа тарта көпбалалы ана көшеге шығып, әкіммен кездесуді талап етті. Ол кезде қала әкімі Бақыт Сұлтанов болатын. Астанада ғана емес Қазақстанның бірнеше қаласында көпбалалы аналар наразылыққа шығып, үкіметтен жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік қолдауды күшейтуді талап етті.

lrm_export_20190215_114729.jpg

12 ақпан күні экс-премьер Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильинге сөгіс жариялау туралы ұсынысты президент әкімшілігіне енгізуді тапсырды. Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккерге қатаң сөгіс жариялап, оның орынбасары Барат Дұзақбаевты қызметінен босатты. Сондай-ақ, астаналық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін ақарушы Марғұлан Топашұлы Аманбаевқа қатаң сөгіс жарияланды.

post_intext_1522132019pu.jpg 

Үкімет отставкаға кетті

21 ақпан күні ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаев жетекшілік ететін Үкіметті отставкаға жіберді.

zasedanie_prav.jpg

Жүйелі жұмыс жүргізілмеді. Тұрғындардың нақты табысы өспеді. Отбасылардың бюджетінде азық-түлікке деген шығын көлемі арта түсті. Атқарушы органдардың салғырттығынан әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылмаған. Оның үстіне Үкімет мүшелері, министрлер, әкімдер халықпен жұмыс істей алмады, сондай-ақ жұртшылықтың проблемаларына құлақ асып, атқарылып жатқан істер мен саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шамасы келмеді. Бұл ретте, мен ел президенті әрі Конституцияның кепілі ретінде халықтың мүддесін ескере отырып, мынадай шешім қабылдадым. Үкімет отставкаға кетуге тиіс деп санаймын. Үкіметтің жаңа басшылығы өмір сүру деңгейін арттыру, экономиканы ынталандыру, стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру жөнінде нақты шаралар әзірлеуге тиіс, - деді Назарбаев.

Ол бюджеттен және Ұлттық қордан аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдауды күшейтуге, халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, аймақтық даму саясатындағы маңызды өзгерістерге қаражат бөлуді тапсырды.

 

Атаулы әлеуметтік көмекті көтеру
11 ақпан күні қаржы министрі Әлихан Смайылов көпбалалы отбасылардағы әр балаға берілетін жәрдемақыны 20 мың теңгеге дейін көтеру мәселесі шешіліп жатқанын айтты.
ad44f7adb2dd2f3934012b2f58a0facb.jpg

27 ақпанда ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының XVIII съезінде кірісі аз отбасылар арасында 111 мың ғана отбасы атаулы көмек алатынын, көпбалалардың жәрдемақысын әрбір балаға 21 мың теңгеге жеткізуді тапсырды.

Picture1-2.png

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – бұл аз қамтылған азаматтарға және табыстары төмен деңгейдегі отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем.

2019 жылдың 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері өзгерді. Себебі, елдегі кедейлік шегі 50%-дан 70%-ға дейін өсті (14 849-дан 20 789 теңгеге дейін), сондай-ақ табысы төмен отбасының әрбір баласына атаулы әлеуметтік көмек 20 789 теңге мөлшерінде белгіленді. Сонымен қатар, шартсыз ақшалай көмекті тағайындау мерзімі – 3 айдан 6 айға дейін, шартты ақшалай көмек – 6 айдан 12 айға дейін ұзартылды. АӘК алу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе халыққа қызмет көрсету орталығына, отбасы ауылдық жерде тұрса – кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне жүгінді.

 

АӘК қалай тағайындалады?

Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш беру және сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет. Басқа құжаттар қажет емес. 2019 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындаған кезде отбасының бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін барлық мүшелері есепке алынды. Алайда, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" ҚР Заңына отбасы құрамын нақтылау бөлігінде толықтырулар енгізді. Осылайша, 2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының құрамында тек жақын туыстар, яғни ата-ана, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған бала, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек бауырлар мен апа-қарындастар, ата, әже, немерелер есепке алынды. Отбасының бір адамға шаққандағы айлық табысы 20 789 теңгеден аспаса, отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленеді.

e62b05bfa99eb53a9760d5026eb80339.jpg

АӘК тағайындау үшін отбасының жиынтық табысын есептеген кезде 4 және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы; "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы; баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақы; студенттердің стипендиясы; жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын біржолғы төлемдер есепке алынбайды.

a5497352-50e8-4501-a14b-d51e1a9a7e01.jpeg


Министрлік азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі, оны АӘК алушыларға жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Әлеуметтік пакетке жергілікті атқарушы органдар есебінен көрсетілетін 11 әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет шарасы кіреді, оның ішінде 1-4-сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, балалар лагерлерінде тегін демалу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту, мектеп формасымен, оқулықтармен және оқу керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және т.б. бар. Біріңғай әлеуметтік пакетті енгізу елдің барлық өңірлерінде мұқтаж азаматтарға бірдей әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

WhatsApp-Image-2019-04-10-at-12.06.29.jpeg

Табысын жасырғандар       

2019 жылдың 9 айында АӘК 417 мың тобасына немесе 2 млн 138 мың адамға тағайындалды. Барлық алушының жартысынан астамы – көпбалалы отбасы. Бюджетте АӘК-ке 206 млрд теңге көзделген. Алайда, атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған азаматтар анықталды.

Бұл шаралар бір жағынан көмекке мұқтаж жандар мемлекеттен нақты қолдау алып, көп отбасы табысы төмен отбасылар санатынан шығуына ықпал етті. Екінші жағынан өкінішке орай, жекелеген азаматтар атаулы әлеуметтік көмектің кеңейтілген мүмкіндіктерін теріс пайдаланған фактілер болды. Мысалы, АӘК-ті тағайындау кезінде 73 мыңнан астам отбасы өз табыстарын жасырып, АӘК заңсыз тағайындалғаны анықталды. Ол бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар іс жүзінде барлық жағдайды пысықтап, нәтижесінде бүгінде мемлекетке 156 млн теңге қайтарылып отыр, - деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Қазір АӘК заңсыз алған отбасылар өз еркімен мемлекетке қаражаттарын қайтадан қайтарып жатыр. Жазалау шаралары болмайды.

 

АӘК тағайындаудың жаңа форматы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында көпбалалы отбасылар табысына қарамастан бала санына қарай мемлекеттік қолдауға ие болатынын айтты.

Көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК – бұдан былай) беру мәселесі өзекті болып отыр. Үкімет алдында ең алдымен мұқтаж отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға ашық және әділ түрде әлеуметтік көмек көрсету нақты міндеті тұр. Мемлекет тек мұқтаждарға көмектесуі керек. Осыған байланысты көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек төлеудің жаңа форматында қоғам мен Ұлттық кеңес мүшелерінің отбасы табысын есепке алмау туралы ұсынысы назарға алынды. Көпбалалы отбасылар табысына қарамастан бала санына қарай мемлекеттік қолдауға ие болады. Көпбалалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақыны ең төменгі АЕК-тен, яғни 42,5 мыңнан 74 мың теңгеге дейін сараланған көлемде белгілеуді ұсынамын, - деді Тоқаев.
9fb8ca8b8f9a0b987771ac83d848c6f2.jpg

Айта кетсек, Қазақстанда 343 мың көпбалалы отбасы бар. Төрт балалы – 61%, бес балалы – 27%, алты балалы – 9%, жеті және одан көп баласы бар – 3%.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бала санына қарай тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы табысы жоғары және төмен көпбалалы отбасыларға бірдей берілетінін айтты.

1566308254_news_b.jpeg

4 баласы бар отбасыларға – 42 500 теңге, 5 балаға – 53 125 теңге, 6 балаға – 63 750 теңге, 7 және одан да көп баласы барларға – 74 375 теңге төленеді. Бұрынғыдай табысы жоғары көпбалалы отбасылар мемлекеттік жәрдемақы алмайды деген талап болмайды. Ал атаулы әлеуметтік көмек тұрмысы төмен отбасыларға беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек бала санына байланысты тағайындалмайды. Мемлекеттік қолдаудың бұл түрі көмекке мұқтаж адамдарға ұсынылады, – деді министр.

 

Балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында көпбалалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленсе, тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленетін балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілетінін айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға қандай көмек кіретінін түсіндірді. 

Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы ұсыну шеңберінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың, сондай-ақ 6 жастан 18 жасқа дейінгі орта білім беру ұйымдарында оқитын балалардың екі санатын қамту ұсынылады. Бұл шамамен 600 мың бала. Мектепке дейінгі жастағы балалардың бірінші санаты азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді. Екінші санаттағы оқушылар мектепте тегін ыстық тамақ, мектепке және кері күнделікті тегін жол жүру, мектеп формасы мен оқу құралдарын мемлекет есебінен алады, – деді министр.
ECtIx7LXoAA5VzT.jpg

 

Өзгелердің жаңалығы