«Бес жылда болмаған қар», «Екінші Венеция», наразылық тудырған отшашу. 2020 жылғы елорда тынысы

31 Желтоқсан 2020, 12:30
2506
Бөлісу:
«Бес жылда болмаған қар», «Екінші Венеция», наразылық тудырған отшашу. 2020 жылғы елорда тынысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жыл Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов үшін оңайға соқпады. Пандемияны айтпағанның өзінде қыста қармен, жазда жаңбыр суымен алысты. Арасында отшашуға байланысты елдің наразылығы одан сайын күшейе түсті.

Қардан қалжыраған тұрғындар

Қаңтар мен ақпандағы 2-3 күн қатарынан ұйытқыған борандарда астананың төтенше жағдайларға дайын еместігі байқалып қалды. Қардан жүре алмаған тұрғындар наразылығы әлеуметтік желілерде лық төгілді. Тіпті, қалың қар жауғанда қаланың орталық көшелерінде де жағдай мәз емес болды. Әйтеуір, әкімнің айналасындағылар «биылғы қар – соңғы 5 жылда жауған ең қалың қар» деп ақталуға тырысты.

«Бес жылда болмаған қар», «Екінші Венеция», наразылық тудырған отшашу. 2020 жылғы елорда тынысы

Одан Алтай Көлгінов төтенше жағдай кезінде Біріккен Араб Әмірліктеріне іс-сапармен барып, елді бір шулатып алды.

Менің бір күнге барып келгеніме ештеңе бола қойған жоқ. Сапардан келдік, сөйтіп, түнде қарды қайтадан бақылауға кірісіп кеттік, - деді Көлгінов.

   Жаздағы жаңбыр

Қыстағы қалың қардан кейін, әйтеуір көктем тыныш өтті. Карантин кезінде ел үйде болды. Қар астынан еріп, судың тасуынан аман қалдық. Бірақ жаздағы жаңбыр Көлгіновтің командасын біраз әбігерге салды.

«Бес жылда болмаған қар», «Екінші Венеция», наразылық тудырған отшашу. 2020 жылғы елорда тынысы

«Екінші Венеция», «Қайықша жүзген көліктер», «кешегі жауын-шашыннан кейін қала көшелері тағы су астында қалды», «Теңізге барудың да қажеті жоқ» деген сөздер жыл сайын қайталанады. Бірақ қанша әкім ауысса да, жағдай өзгерер емес.

Қазіргі қала басшылығы мұндай жағдайлардың алдын алу үшін елордада нөсер кәріздері белсенді түрде салынып жатыр дейді. Бұл жұмыстардан нәтиже бар, жоғын 2021 жылы байқайтын боламыз.

   Қала күніндегі отшашу

Елорданың туған күні жылда салтанатты түрде тойланып жүргені белгілі. Бірақ былтыр және биыл қала күні еліміз үшін дәл қиын кезеңге сәйкес келді. Өткен жылы Арыстағы жарылыспен тұспа-тұс келсе, биыл пандемияның ең қатты өршіген сәтіне тап болды. Көптеген іс-шара онлайн өткенімен, түнгі отшашуға келгенде әкімдік айылдарын жыюды білмеді. Содан Нұр-Сұлтандағы отшашу әлеуметтік желіде сынға ұшырады. 

«Бес жылда болмаған қар», «Екінші Венеция», наразылық тудырған отшашу. 2020 жылғы елорда тынысы

Жұрт әлеуметтік желіде 6-шілдені COVID-19 құрбандарын еске алу күні деп жариялауды талап етті. Отшашуға да қарсылық танытты. Бірақ желідегі талап орындалмады. Отандық арналар отшашуды тікелей эфирден көрсетті. Әкімдік отшашуға «бюджеттен ақша бөлінбегенін, шығынды демеушілер өтегенін» айтудан басқа дені дұрыс түсініктеме бере алмады.

 Әуежайдың коды ауысты

2020 жыл авиация саласы үшін қиынға соқты. Пандемия кезінде әуе рейстері тоқтап, шығынға ұшырады. Дегенмен, жағымды сәттер де болды. 

«Бес жылда болмаған қар», «Екінші Венеция», наразылық тудырған отшашу. 2020 жылғы елорда тынысы

Мысалы, Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) 2020 жылғы 6 сәуірдегі арнайы хабарламасына сәйкес, Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ке өзгерту туралы түпкілікті ресми шешім қабылданды.

   Блогерлерге бөлінеді деген 125 млн теңгенің жыры

Мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Dasco DataCom компаниясына мемлекеттік тапсырыс аясында имиджін ілгерілету үшін 125 миллион теңге бөлгені туралы ақпарат тарады. Аталған компания белгілі гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовқа тиесілі екен. Осы ақпарат тараған соған қоғамда наразылық күшейді. Әкімді сынаушылардың саны одан сайын артты.

«Бес жылда болмаған қар», «Екінші Венеция», наразылық тудырған отшашу. 2020 жылғы елорда тынысы

Бірақ 9 желтоқсанда өткен баспасөз мәжілісінде қала әкімі Алтай Көлгінов аталған лоттың жойылғанын және әкімдіктің оң имиджін қалыптастырудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

Бізге ол үшін соншама ақша жұмсаудың не қажеті бар? Ондайдың бізге керегі жоқ. Сондықтан осы лотты ойнатпақ болған басшы жауапқа тартылды. Лот алынып тасталды. Бұл мәселе туралы кейбір БАҚ қате түсінік берді. Осыны ұйымдастырған адаммен сол сәтте-ақ келісімшарт бұзылды, - деді Көлгінов.

Қала басшысы әкімдіктің жұмысына қатысты оң имидж қалыптастыруға биыл да, келесі жылы да бюджеттен 1 тиын да бөлінбегенін айтты.

Позитив жаңалықтар. 43 млрд теңге үнемделді

Биыл Нұр-Сұлтан әкімдігінің жергілікті бюджетті оңтайландыруы шамамен 43 миллиард теңгені құраған. Үнемделген қаражат әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға, экономикалық секторды, денсаулық сақтауды, білім беруді және т.б. қаржыландыруға бағытталған.

«Бес жылда болмаған қар», «Екінші Венеция», наразылық тудырған отшашу. 2020 жылғы елорда тынысы

Мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың өнімсіз шығындарын азайту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Мысалы, экономиканың және инфрақұрылымның нақты секторын қолдауға 25,7 миллиардтан астам теңге бөлінді. Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмекке қосымша 10,5 миллиард теңге бөлінді, - дейді Көлгінов.

   12 мектеп салынды

Нұр-Сұлтанда бала саны тым көп мектептер саны 2 есеге азайған. 2019 жылы 6 мектеп салынып, пайдалануға берілген болса, биыл екі есе көп, яғни, 12 мектеп табысталған. Олардың кейбіреулері пайдалануға берілген. Көлгінов 2021 жылы кем дегенде тағы 12 мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз дейді.

«Бес жылда болмаған қар», «Екінші Венеция», наразылық тудырған отшашу. 2020 жылғы елорда тынысы

Биыл пайдалануға берілген білім ордаларының бірі - Иманов – Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп-гимназия.

Мектеп гуманитарлық бағытта жұмыс істеп, балаларға мемлекеттік тілде білім береді. Оқу кабинеттерінің саны – 36. Қазіргі таңда мектепке 1026 бала қабылданды, оның ішінде 1-сыныпқа - 153 бала. Мектепте Абай мұражайы, Абайтану, жасыл технологиялар және виртуалды ғылыми зертханалар кабинеттері ашылған.


Өзгелердің жаңалығы