Бейбіт шеру өткізуге ұйымдастырушылар да жауапты – саясаттанушы

18 Ақпан 2020, 17:57
2884
Бөлісу:
Бейбіт шеру өткізуге ұйымдастырушылар да жауапты – саясаттанушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЗУ университетіндегі сараптамалық алаңда бейбіт шеру өткізу туралы заң тұжырымдамасы талқыланды. 

Отырысқа қатысқан қатысқан Еуразиялық интеграция институтының өкілі, саясаттанушы Самат Нұртаза бебіт митингілер өткізуге тек жергілікті құқық қорғау органдары ғана емес, ұйымдастырушылар да жауапты болуы тиіс екенін айтты. 

Тек жергілікті құқық қорғау органдары ғана емес, ұйымдастырушылар да жауап беруі қажет. Мәселен, саған қолдау көрсетуге келген адамдар үшін сен жауап беруге тиіссің. Қоқыстан бастап бейбіт шеру барысында айтылған сөздерге дейін жауаптысың. Мысал ретінде жануарлардың құқығын қорғаушылар ұйымдастыратын митингті айтуға болады. Олар Ұлыбританияның Биг Беннің жанына жиналып, жиын біткен соң пластикалық бөтелкелерге дейін жинап кетеді. Бәйтеректің жанында бейбіт шеру ұйымдастырғанда тұрған ештеңе жоқ. Біздің халықтың мәдениеті қалыптасты, бірақ әлі де жетілдіруді қажет етеді, - деген пікірін білдірді Самат Нұртаза. 

Бұдан басқа, ол болашақта қатысушылардың саны шектелмей, оны көбейтуге мүмкіндік болатынын атап өтті. 

Жаңа заң бойынша, бейбіт шеруге жиналғандардың саны 250-ден аспау қажет дейді. Оған дүрлігудің қажеті жоқ. Бұл тек алғашқы қадамдардың бірі деп есептеймін. Біз Еуропа елдері секілді 12-13 ғасырлардан бері демократияда өмір сүріп отырған жоқпыз. Бізге 250 адам деген жеткілікті. Келесі жылдан бастап қатыушылардың санын көбейтуге мүмкіндік болады деп ойлаймын, - деді саясаттанушы. 

Ол тағы бір назар аударлық маңызды мәселеге тоқталды. Оның айтуынша, митингке келген кішкентай бөбектер сыртқы күштердің құрбаны болып кетуі мүмкін. 

Орталық алаңдарға жиналу ешқандай қорқыныш тудырмайды. Тек құқық қорғау органдарының өкілдері өздерінің жұмысын істеу керек. Қадағалау қажет. Ешқандай провакацияға берілмеу қажет. Тағы айта кету керек бір дүние, мен кішкентай балаларды бейбіт шеруге әкелуге қарсымын. Себебі кішкентай бөбектер сыртқы күштердің құрбаны болып кетеді, - деп түйіндеді өз сөзін спикер.
Өзгелердің жаңалығы