Бас жаңалықтар
Бейруттағы жарылыс: Сәрсенбі аза тұту күні деп жарияланды
05 Тамыз 2020, 01:11 773

Бейруттағы жарылыс: Сәрсенбі аза тұту күні деп жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанның премьер-министрі Хассан Дияб сәрсенбіні Бейруттағы жойқын жарылыстың құрбандарына байланысты аза тұту күні деп жариялады, деп жазды РИА Новости.

Сейсенбі күні кешке Бейрут портында жойқын жарылыс болды. Алдымен кішкентай жалын тарсылы естілді, бес минуттан кейін қара және ақ түтін пайда болды, содан кейін күшті жарылыс болды, қызыл түтін бағанасы аспанға көтерілді. Эпицентрден бірнеше шақырым радиустағы үйлерде жарылғыш толқын әйнектердіі сындырды.

Бүгінде жергілікті БАҚ кем дегенде 10 адам қаза тапқанын, жүздеген адам жарақат алғанын хабарлады.

Ливан ақпарат агенттігі Бейрут портындағы күшті жарылыстың эпицентрі пиротехника қоймасы болды деп мәлімдеді, бірақ кейінірек Ливанның жалпы қауіпсіздік қызметінің басшысы генерал Аббас Ибрахим пиротехника туралы нұсқаны жоққа шығарып, ұзақ уақыт сақталған басқа жарылғыш заттардың жарылғанын атап өтті.

Ливан президенті Мишель Аун сейсенбі күні кешке Бейрут портындағы жарылыс жағдайын талқылау үшін Ұлттық қорғаныс жөніндегі Жоғарғы Кеңесті шұғыл кездесуге жинады.

Естеріңізге сала кетейік, Бейруттағы теңіз портында жойқын жарылыс болғанын хабарлағанбыз. Бұл жарылыстан Қазақстан консулы жарақат алды. Сонымен қатар, жарылыс мұнай бағасы мен доллар бағамына әсер етуде.


Фото: дереккөз
Загрузка...