Бас жаңалықтар
Бейруттағы жарылыс мұнай бағасы мен доллар бағамына әсер етуде
05 Тамыз 2020, 00:20 433

Бейруттағы жарылыс мұнай бағасы мен доллар бағамына әсер етуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұнай бағасы Бейрут портындағы жарылыс туралы хабарламалар мен Израильдің осы оқиғаға қатысы жоқ екендігі туралы мәлімдемелері аясында өсу қарқынын біршама жеделдетті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Бұған сауда-саттық деректері дәлел бола алады. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23.30-дағы жағдайға сәйкес Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына қазан фьючерстерінің бағасы 0,68 пайызға - барреліне 44,45 долларға дейін өсті. WTI маркалы мұнайдың қыркүйек фьючерстері 1,68 пайызға қымбаттады - барреліне 41,71 долларға дейін. Жарылысқа дейін Brent маркалы мұнайдың бағасы 44,23 долларды, ал WTI баррелі 41,36 долларды құрады.

Доллардың негізгі әлемдік валюталарға бағамы төмендей бастады. Нұр-сұлтан уақыты бойынша сағат 23.37 - дегі жағдай бойынша АҚШ-тың негізгі сауда серіктестері-алты елдің валюта қоржынына доллар бағамы 0,15 пайызға, 93,4 пунктке дейін төмендеді, жарылысқа дейін көрсеткіш нашар өсті және 93,58 пункт құрады. Еуроның долларға шаққандағы бағамы алдыңғы жабылу деңгейінен Еуро үшін 1,1783 долларға дейін көтерілді, жарылысқа дейін 1,1761 доллар болды. Сонымен қатар, Ливан фунтына доллар бағамы бір долларға шамамен 1,5 мың Ливан фунты деңгейінде тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, Бейруттағы теңіз портында жойқын жарылыс болғанын хабарлағанбыз. Бұл жарылыстан Қазақстан консулы жарақат алды.


Фото: дереккөз
Загрузка...