Бас жаңалықтар
Бейсенбі, 28 мамырға арналған ауа райы болжамы
28 Мамыр 2020, 07:47 234

Бейсенбі, 28 мамырға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 мамырда елімізде күн райы ашық болады. Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында күн ысиды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

28 мамырда Қазақстанның басым бөлігі әлі жоғары қысым аумағында болғандықтан, күн райы ашық болады. Тек еліміздің солтүстігінде және солтүстік-шығысында циклон ықпалынан кей жерлерде күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, күндіз Қостанай облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында және Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық болуы мүмкін.

Павлодар облысында, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...