Биатлоннан әлем чемпионаты қашан өтеді?

1 Тамыз 2020, 20:02
1421
Бөлісу:
Биатлоннан әлем чемпионаты қашан өтеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Халықаралық биатлоншылар одағы жаңа маусымға арналған жарыс күнтізбесін бекітті, деп жазады olympic.kz.  

Алдағы маусымда әлем кубогінің тоғыз кезеңі өтеді. 2021 жылғы әлем чемпионаты Словенияның Поклюка қаласында ұйымдастырылмақ. 

Аталған әлемдік дода жетінші және сегізінші әлем кубогі кезеңдерінің аралығында өтеді. Алдын ала жоспар бойынша біріншілік 9-21 ақпан аралығында ұйымдастырылады. 

Айта кетейік, әлем кубогінің бірінші кезеңі 28-29 қараша күндері Финляндияның Контиолахти қаласында басталады.

Өзгелердің жаңалығы