Талғат Қалиев: Бұл – биліктің басқа институттары жұмыс істемейді деген сөз емес

18 Ақпан 2020, 18:12
1766
Бөлісу:
Талғат Қалиев: Бұл –  биліктің басқа институттары жұмыс істемейді деген сөз емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Talda.kz сараптамалық алаңында сарапшыларға егер халық митингке шығып, өз наразылықтарын білдірер болса, "бізге депутаттардың не керегі бар?" деген сұрақтар қойылды. 

Бұл орайда, партияның, әкім мен министрлердің қандай қажеті бар деген сауалдарға белгілі саясаттанушы Талғат Қалиев жауап берді. 

Бұл – депутаттар арқылы кері байланыс орнату механизмі жұмыс істемейді деген сөз емес пе. Барлық елде халық алаңға шығады. Халықтың өз мәселелерін айтып, бейбіт жиындар мен митингілерге шығуы бұл қалыпты тәжірибе. Бұл – биліктің басқа институттары жұмыс істемейді деген сөз емес. Қоғам қандайда бір шешім қабылдау процесіне қатысуы тиіс. Ойын айта алуы керек. Оның дауыс беру құқығы бар. Осы Заң жобасы бойынша басқа бір мәселе бар. 1000 адамнан асатын митингіге қатысушылар ұйымдастырушылар үшін біршама қиындық тудыруы ықтимал деп санаймын. Неліктен 250 адам деген сұрақ туындайды. Неге 300 немесе 500 емес. Бұл – оп-оңай бағындыруға болатын болмашы шектеу. Яғни, 250 адам аз. Ал, егер де бейбіт жиынға қатысушылар саны 250 емес, 256 болса ше? Оны кім санайтын болады, - деді Талғат Қалиев. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, журналистердің мәртебесін жеке жазудың қажеті жоқ. Себебі, дайын қолданыстағы Заң бар. Тұтастай алғанда, ол бейбіт шеру өткізу туралы заңның жобасы араласқан модельге сүйеніп әзрленгенін айта кетті. 

Бірақ Президент рұқсат беру моделінен хабарлама беру моделіне ауысу қажет деген міндет қойған еді, - дед- деді ол.

Ал, талқылауға қатысқан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының, оларға қатысушылардың және журналистің де құқықтары мен өкілеттіктері Заң жобасында анық көрсетілгенін айтты. 

Бұл өте маңызды қадам, себебі қазіргі қолданыстағы заңда мұндай болмаған. Сонымен қатар, жергілікті өкілді органдар әр елді мекенде мамандандырылған орындарды анықтайды. Мәслихаттардың шешімі бойынша, ауылдарда бейбіт жиналыстар өтетін бірнеше орындар болады, - деп түсіндірді Әлия Ғалымова. 

Ол мамандандырылған орындардың тізімін айқындау кезінде жергілікті өкілді органдар азаматтардың қауіпсіздігі мен қол жетімділігі мәселелерін, сондай-ақ осы немесе басқа арнайы орынның көліктік мүмкіндіктері мен инфрақұрылымын басшылыққа алатындығын атап өтті. 

Қолданыстағы заң жобасында ондай айқын форма жоқ. сондықтан бұл тәжірибе әртүрлі елді мекендерде әр түрлі болады. Мысалы, Нұр-Сұлтан мәслихаты тек ұсынатын алаңдардың тізімін анықтады. Басқа аймақтарда мәслихаттар қосымша жағдайлар жасау мен бейбіт жиналыстарды өткізу ережелері туралы айтты. Бұл практиканы біркелкілікке келтіруге мүмкіндік береді, - дейді комитет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы