Дәрігерлердің еңбегі елеусіз қалмауы керек – сенатор

27 Мамыр 2020, 20:24
1676
Бөлісу:
Дәрігерлердің еңбегі елеусіз қалмауы керек – сенатор
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Парламенті сенатының депутаты Серік Бектұрғанов Президент қатысуымен өткен Ұлттық кеңес отырысында көтерілген мәселелерге қатысты өз пікірін білдірді.

Бүгін президент көптеген мәселенің басын ашып, талқылаулар жасады. Берілген ақпарат негізінде қорытынды жасап, шешім қабылдады. Бұл  ұлттық қоғамдық кеңесінің үшінші отырысы. Ең алдымен қазіргі таңдағы өзекті мәселе білім беру жүйесі болды. Оның ішіне мектепке дейінгі, орта, жоғары оқу орындары жатады.  Бірақ мен біздің ел Президентінің бұл тақырыптан бөлек біздің қоғам үшін өте сезімтал денсаулық сақтау саласына ерекше мән бергенін айтқым келеді. Бірқатар тапсырма берілді, бірақ олар терең талдауға негізделіп отыр, - деді ол.   

Сонымен қатар, депутат дәрігерлердің жалақысының 2,5 есеге өсетінігі ерекше қуантатынын жеткізді. 

Қазір дәрігерлердің еңбегі елеусіз қалмауы керек. Ерекше бағалану қажет. Осы орай Президентіміз қабылдаған шешім оңтайлы деп ойлаймын. Ерең еңбектері мен дамылсыз жұмыстары аса үлкен қошеметке ие. Сондай-ақ, мемлекет басшысы карантин кезінде ауруханаларда төсектердің жетіспегендігін айтты. Халықаралық стандарттарды сақтаудың төмендеуі кейбір елдерде мамандандырылған төсек орындары жетіспейтіндігіне әкелді. Бұл жағдайда мемлекет басшысы инфекциялық төсектер қолданылғанын айтып, кейбір заттарды резервте ұстаған жөн екендігін өтті, - деді депутат. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы биологиялық қауіпсіздікке назар аударғандығын жеткізді. 

Осыған байланысты жеке заң жасалуы мүмкін. Бірақ шартқа сәйкес халық санитарлық нормаларға сай болуы керек. Сонымен бірге мемлекет басшысы бірқатар міндеттер қойды. Бұған дейін қабылданған алдыңғы бағдарламаларды нақты белсенді түрде іске асыру үшін белгіленген міндеттер қойылды. Цифрландыру тұрғысы да басты назарға алынды. Денсаулық сақтау жүйесі, әсіресе, ауылдық денсаулық сақтауды дамыту және оның деңгейін көтеру барлық реформаларды жүзеге асыру үшін қажет, - деді Серік Бектұрғанов.

Өзгелердің жаңалығы