Бас жаңалықтар
Білім және ғылым министрлігі "Астана" университетін сотқа берді
20 Ақпан 2020, 13:21 181

Білім және ғылым министрлігі "Астана" университетін сотқа берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Астана" университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тексеру жұмыстарына кедергі жасап, қажетті құжаттарды ұсынбады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Лауазымды тұлғаларға мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде кедергі жасау фактісі бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта тиісті материалдар соттың қарауына жіберілді.

2019 жылы "Астана" университеті білім беру жұмыстарына қатысты тәуекел дәрежесін бағалау нәтижелері бойынша жоғары дәрежеге ие болды. Осыған байланысты университет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында профилактикалық бақылауға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне енгізілді, - делінген ақпаратта.

Осы жылдың 12-ақпанында ҚР БҒМ тарапынан университетке профилактикалық бақылау жүргізу туралы хабарлама жіберілді. Келесі күні тиісті акт Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде тіркелді. 17-ақпанда Университет Комиссияға жоғарғы оқу орнына кедергісіз кіруді қамтамасыз етіп, бақылау нысанына сәйкес қажетті құжаттарды немесе олардың көшірмелерін ұсынуға міндетті болды.

 Алайда, "Астана" университеті Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 155-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын бұзып, Комиссияға тиісті құжаттарды ұсынбады.

 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...