Бір аптада 44 шенеунік сотталды - Бекайдаров

26 Ақпан 2021, 15:56
2251
Бөлісу:
Бір аптада 44 шенеунік сотталды - Бекайдаров

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Antikor news» жобасы аясында өткен брифингте айтты. 

Биылғы 18 ақпанда Тараз қаласының соты бұрын сотты болған қылмыстық топ көшбасшысы Жаппаров 2 жыл 1 айға соттады. Мерзім соңғы мерзімге қосылу нәтижесінде 11 жылға сотталды. Қылмыскер 150 мың теңге параны дәнекерші арқылы өткізіп, ұялы телефонды түрмеге кіргізбек болған, - деді Бекайдаров.  

Оның айтуынша, барлық сотталған мемлекеттік қызметкер өмір бойына  мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылады. 

Осы аптада 44 лауазымды қызметкердің қатысты 14 іс қаралды. Сот шешімі бойынша 44 адам сотталды. Соңғы кезде барлық шешім бойынша қатаң жаза шығарылып жатыр, - деді ол. 

Айта кетейік, осыған дейін Бекайдаров саяси жетекшілердің отставкасы туралы да айтты.

Өзгелердің жаңалығы