Бас жаңалықтар
Телеарналарда ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылады
12 Шілде 2020, 16:26 313

Телеарналарда ойын-сауық бағдарламалары тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жалпыұлттық азалы үнсіздік" шарасын "Qazaqstan" Ұлттық арнасы 11:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлады ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2020 жылдың 13 шілдесінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де Жалпыұлттық аза тұту күні коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.

Аза тұту күнінде "Хабар агенттігі" АҚ мен "Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты теле, радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарлама алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады, - делінген таратылған ақпаратта.



Фото: дереккөз
Загрузка...